25.04.2014, 19:40 11235

Ақтау портының өткізу қуаттылығы жылына 20,5 млн тоннаға ұлғаяды - И. Асаубаев

Қазақстанда Үкіметтің жол картасы аясында 1 шілдеге дейін Ақтау портының өткізу қуаттылығын артыру үшін 3 құрғақ терминалдардың құрылысын жүргізу жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ИЖТМ Көліктік реттеу комитетінің төрағасы Исет Асаубаев мәлімдеді.

Алматы. 25 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстанда Үкіметтің жол картасы аясында 1 шілдеге дейін Ақтау портының өткізу қуаттылығын артыру үшін 3 құрғақ терминалдардың құрылысын жүргізу жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ИЖТМ Көліктік реттеу комитетінің төрағасы Исет Асаубаев мәлімдеді.

"Министрлік қазақстандық тауарлардың экспортын ұлғайту және диверсификациялау мақсатында елде белгілі шаралар жүзеге асырылады. Жаңа транспорттық логистикалық маршруттар ашылады. Олар Оңтүстік пен Шығысқа бағытталады", - деді И. Асаубаев.

Айтылғандай, 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін 3 құрғақ терминалдың құрылысын бастау жоспарланған.

Осы мақсатта, Транспорттық бақылау комитеті төрағасының айтуынша, Ақтау портының солтүстік бағытта кеңейтілуі үшін ҚР ИЖТМ Австриялық IPD компаниясымен бірлескен кәсіпкерлік құру жолы арқылы шетелдік инвестиция тарту жұмыстарын жүргізуде.

"Қазіргі таңда осы компания арқылы тараптардың барлық келісім шарттары түзілген. Аталмыш компания порт құрылыстарының инфрақұрылымын дамыту бойынша үлкен тәжірибге ие. Осы орайда бұл компания барлық үш құрлық терминалының құнының 60 пайызына тең қаражатты инвестициялайтын болады. Осы арқылы үш құрлық терминалының құрылысының шаралары қолға алынады", - дейді А.Асаубаев.

Жалпы, оның айтуынша, мамыр айында аталмыш міндеттемені іске асыру үішн құрылғылар мен қаражатты бірлестіру жұмыстары жоспарлануда.

"Бүгінгі таңда гидротехникалық құрылғыларды қорғау нысандары салынып, жаңа тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Оның кеңейтілуі Ақтау портының өткізу мүмкіндігін арттырып, құрлық жүктерінің жылына 2,5 тоннаға дейін өткізілуіне жол ашады. Нәтижесінде Ақтаудың өткізу мүмкіндігі жылына 20,5 млн тоннаға дейін артады", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны