06.05.2015, 23:08 4712

Ақтау теӊіз портын кеӊейту бойынша жұмыстар 2015 жылдыӊ 1 шілдесінде аяқталады

Ақтау теӊіз портын солтүстік бағытта кеӊейту жұмыстарыныӊ толық кезеӊі 2015 жылдыӊ 1 шілдесінде аяқталады, деп хабарлады бүгін "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ вице-президенті Роман Скляр ОКҚ брифингінде

Астана. 06 Мамыр. Kazakhstan Today - Ақтау теӊіз портын солтүстік бағытта кеӊейту жұмыстарыныӊ толық кезеӊі 2015 жылдыӊ 1 шілдесінде аяқталады, деп хабарлады бүгін "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ вице-президенті Роман Скляр ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазіргі уақытта терминалдарда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, құрылыс кесте бойынша жүргізілуде, жұмыстардыӊ толық кезеӊі ағымдағы жылдыӊ 1 шілдесінде аяқталады деп жоспарланған", - деді Р.Скляр, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Ол мәлімдегендей, Ақтау теӊіз портын солтүстік бағытта кеӊейту бойынша 3 жүк терминалыныӊ құрылысы жобасы бар, оныӊ жылдық қуаттылығы 3 млн тонна жүкті құрады. Оныӊ ішінде, бір терминалдыӊ қуаттылығы 1,5 млн тонна болса, қалған екі жүкті ауыстырып тиеу терминалдарыныӊ қуаттылығы 1,5 млн тоннаны көрсетті.

ҚТЖ мәліметінше, Ақтау теӊіз портыныӊ қуаттылығы жылына 18-ден 21 млн тоннаға дейін артып отыр. Бұл бүгінгі таӊдағы барлық қажеттіліктерді толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, компания вице-президентініӊ айтуынша, Каспий теӊізіндегі Құрық теӊіз портында паром кешенініӊ құрылысы жалғасуда.

"Гидротехникалық ғимараттар, пирс, әкімшілік және көмекші ғимраттар құрылысы қарастырылған, бұдан бөлек Ерсай стансасынан бастап кірме темір жол салынады. Паром кешенініӊ қуаттылығы жылына 4 млн 100 мыӊ тонна паром жүктерін құрайды", - деді Р.Скляр.

Сондай-ақ, ҚТЖ мәліметінше, ағымдағы жылдыӊ 1 шілдесінде ұзындығы 14 км болатын Боржақты-Ерсай темір жол желісініӊ құрылысы аяқталады деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны