02.11.2012, 12:53 4388

Ақтауда Atameken Startup Weekend басталады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2012 жылғы 2-4 қарашада Ақтауда "Болашақ" институтының ғимаратында жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған "Атамекен" Одағы" Палатысының көмегімен "Атамекен Стартап" ҚҚ ұйымдастырумен Startup Weekend шарасы өтеді.

Ақтау. 2-қараша. Kazakhstan Today - Ақтауда Atameken Startup Weekend басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2012 жылғы 2-4 қарашада Ақтауда "Болашақ" институтының ғимаратында жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған "Атамекен" Одағы" Палатысының көмегімен "Атамекен Стартап" ҚҚ ұйымдастырумен Startup Weekend шарасы өтеді.

Atameken Startup Weekend қатысушыларына "Caspiаn Sea Support" ЖШС, "Steel Master" ЖШС және "ҚазМұнайГаз" Барлау Өңдеу" АҚ қолдау көрсетеді.

Қатысушылар өз бизнес идеяларын ұсынады және кешке дейін жобада қатысушылар қатарынан команда жинаулары керек. Демалыс күндері олар тұжырымдама, бизнес жоспар жасайды, олардың жобалары бизнес және технология саласындағы тәжірибелі сарапшылардың көмегімен crush-тестерден өтеді. Жұмыс мақсаты - өмірге мүлдем бейімделмеген өнімді (MVP) жасап шығару. Идеяны таныстыруға 1 минут, финалдық таныстырылымға 5 минут беріледі.

Жоба тақырыптары шектелмейді. Үздік командаларға жалпы сомасы 600 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырылады.

Жобаға қатысушылар - өз идеяларын сапалы түрде жүзеге асыруды көздеген жас кәсіпкерлер.

Қазақстанда Startup Weekend 2012 жылы алғаш рет ұйымдастырылды, бірінші шара ақпан айында Астанада сәтті жүзеге асты. Одан кейін ол Павлодар, Қарағанды, Қостанай және Атырау қалаларында өтті. Жылдың соңына дейін шараны Тараз бен Қызылордада өткізу жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны