23.02.2009, 13:15 2198

Ақтауда атом электр станциясының құрылысын салу кейінге қалдырылды

Ақтауда атом электр станциясының құрылысын салу кейінге қалдырылды

Астана. 23 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтауда атом электр станциясының құрылысын салу кейінге қалдырылды. Бұл туралы бүгін "Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің 2008 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары және 2009 жылға арналған міндеттері туралы" үкіметтік сағатта мәжіліс депутаттары алдында баяндама жасаған ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Атом электр станциясының құрылысын сала бастау мерзімі санаткерлік меншікті беру жөніндегі Ресеймен арадағы мәселенің шешімін тапқанға дейін кейінге қалдырылды", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны