25.09.2012, 14:11 3039

Ақтауда Батыс Қазақстанда жаңа өндіріс ошақтарын құру жөніндегі инвестициялық форум өтуде

КAZENERGY қауымдастығының хабарлауынша, алқалы жиынға 35 елден бес жүздей делегат қатысуда. Форум делегаттарының назарына Қазақстанның батыс өңірінің экономикасын ынталандыру және мұнай-газ компанияларында жергілікті қамту ауқымын ұлғайту мүмкіндіктерін көрсететін Қазақстан Үкіметінің бірқатар байсалды ұсыныстарының тұсаукесері мен баяндамалары ұсынылуда.

Ақтау. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтауда "Батыс Қазақстанда жаңа өндіріс ошақтарын салу" тақырыбында Инвестициялық форум өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

КAZENERGY қауымдастығының хабарлауынша, алқалы жиынға 35 елден бес жүздей делегат қатысуда. Форум делегаттарының назарына Қазақстанның батыс өңірінің экономикасын ынталандыру және мұнай-газ компанияларында жергілікті қамту ауқымын ұлғайту мүмкіндіктерін көрсететін Қазақстан Үкіметінің бірқатар байсалды ұсыныстарының тұсаукесері мен баяндамалары ұсынылуда.

Қауымдастық төрағасы Т.Құлыбаевтың атынан сөз сөйлеген KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Жамболат Сәрсеновтың айтуынша, бүгін елімізде отандық бизнесті дамытуға барлық жағдай жасалған. Мәселен, жаңа өндіріс ошақтарын ашып, ескісін жаңарту бағытында мемлекет тарапынан елеулі қолдау көрсетілуде. "Индустриалық-инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау туралы" Заң өз күшіне енді, "Жол картасы - 2020", "Өнімділік - 2020" бағдарламалары жүзеге асырылуда. Осылардың арқасында өнім сапасы артып, ел экономикасына жаңа технологиялар ендірілуде. Ийтсе де, мұнай-газ компанияларындағы жергілікті қамту көрсеткіші қазіргі күні әлі де өзекті мәселе болып отыр.

"Қазақстандық қамтуды дамытып, өсіру үшін тараптар бір-біріне қарай қадам жасап, жақындасуы керек. Яғни, билік тарапынан біржақты қысым жүріп, инвестор тек қорғануға мәжбүр болса, бұдан еш нәтиже шықпайды", - деді Ж.Сәрсенов.

Алқалы жиын барысында айтылған ұсыныстар 2-3 қазанда Астанада өтетін KAZENERGY VII Еуразиялық форумында кеңінен талқыға түсетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны