27.04.2010, 15:46 3772

Ақтауда Италия үкіметі мен Маңғыстау облысы әкімдігі арасында өзара түсіністік пен әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды

Ақтауда Италия үкіметі мен Маңғыстау облысы әкімдігі арасында өзара түсіністік пен әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды

Ақтау. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Ақтауда Италия үкіметі мен Маңғыстау облысы әкімдігі арасында өзара түсіністік пен әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Ақтауда қазақстандық-италиялық форумы өтті. Аталған шараны Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен Италияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырды.

Форумға Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Қамалиев, Маңғыстау облысы әкімдігі, сондай-ақ, Италияның экономикалық даму министрлігі, ішкі сауда институты, италиялық-қазақстандық сауда палатасы өкілдері, Италия мен Маңғыстау облысының бизнес-қауымдастығы қатысты. Италия делегациясына экономикалық даму вице-министрі Адольфо Урсо жетекшілік етті.

Форум аясында "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағында орналастырылуы жоспарланған италиялық индустриялық парк жобасының техникалық таныстырылымы өтті. Италия бизнес-құрылымдары қазақстандық кәсіпкерлермен бірлескен кәсіпорындар құруға ниетті. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі италиялық инвесторлардың жобаларын орналастыратын алаңды бөліп те қойды.

Сондай-ақ, форум аясында Италия үкіметі мен Маңғыстау облысы әкімдігі арасында өзара түсіністік пен әріптестік жөніндегі меморандумға, "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы, италиялық "SIMEST SpA" және "Бонатти Қазақстан" компаниялары арасындағы үш жақты меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, италиялық және қазақстандық компаниялар арасында екіжақты кездесулер ұйымдастырылды. Форумнан кейін салтанатты түрде "Теңіз металл бөлшектерін шығаратын өнеркәсіптік кешен" (Розетти Марино және KCOI) құрылыс алаңы ашылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны