18.05.2006, 11:47 3072

Ақтауда Каспий қайраңындағы мұнай операцияларын қолдаудың сервистік инфрақұрылымын дамыту туралы меморандумға қол қойылды

АҚТАУ. 18-мамыр. Kazakhstan Today. Кеше өз жұмысын бастаған «Aktau. Infrastructure.kz» атты бірінші халықаралық конференция аясында «Теңіз-Сервис»ЖШС, «Ұлттық теңіз кеме компаниясы«Қазмортрансфлот» АҚ, «Ақтау Инфрақұрылым» ЖШС, «Keppel Kazakhstan»ЖШС, «Ер-Сай Каспиан Контрактор»ЖШС Каспий қайраңындағы мұнай операцияларын қолдаудың сервистік инфрақұрылымын дамыту туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Каспий қайраңындағы мұнай операцияларын қолдаудың сервистік инфрақұрылымын тиімді дамыту және өзара тиісті ақпараттарды алмасып тұру үшін тараптар 2006-жылы Инфрақұрылымдық компаниялардың қауымдастығы атты коммерциялық емес ұйым құруға келісті. Оны құрудағы мақсат – осы меморандумға қол қойған компаниялардың құқығы мен мүддесін қорғау, жер қойнауын пайдаланушыларға сервистік қызмет көрсету нарығындағы Қазақстанның үлесін арттыруға саяды.

Қазіргі жағдаймен қауымдастықтың атқарушылар кеңесі құрылды. Өзара келісім бойынша оған жоғарыда аты аталған компаниялардан бір-бір өкілден енді.
Бұл меморандуға тауар өндіретін, жұмыстар атқаратын және қызмет көрсететін басқа компаниялар мен Каспийдің қазақстандық секторындағы жер қойнауын пайдаланушыларға сервистік қызмет көрсететін кәсіпорындар біріге алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны