22.07.2014, 19:40 9862

Ақтауда кеме жасайтын зауыт жобасы таныстырылды

Ақтау қаласында Маңғыстау облысы әкімі Алик Айдарбековтың төрағалығымен "Құрлық ауылындағы кеме жасайтын және кеме жөндейтін зауыт" жобасының таныстырылымы өтті.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. Ақтау қаласында Маңғыстау облысы әкімі Алик Айдарбековтың төрағалығымен "Құрлық ауылындағы кеме жасайтын және кеме жөндейтін зауыт" жобасының таныстырылымы өтті. Оған "ҚазМұнайГаз" АҚ, "ҚазМұнайГаздың салынып жатқан кәсіпкерліктерінің дирекциясы" ЖШС мен итальяндық "Эни С.п.А" компаниясы өкілдері қатысты, - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Құрлық ауылындағы кеме жасайтын/жөндейтін зауыт құрылысы жобасы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (Қазақстан) мен "Эни С.п.А" компаниясы (Италия) арасындағы ынтымақтастық туралы Келісім аясында іске асырылуда.

Жобаның мақсаты Каспий теңізінінің қазақстандық секторында жүзетін барлық кемелердің жөндеу мен құрылыс жұмыстарын қанағаттангдыратын отандық кеме құрастыратын және жөндейтін кәсіпкерлік құру.

Маңғыстау облысы үшін аталмыш жоба барынша маңызды индустриялыд нысан болмақ. Соны іске асыру барысында жаңа жұмыс орындары ашылып, Қарақиян ауданындағы кәсіпкерлік пен инфрақұрылымды дамытуға оң ықпал етпек.

"Бұл жоба облыс үшін стратегиялық маңызды жоба болып табылады. Өздеріңізге де белгілі, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен үш ұлттық кластер іске асырылатын болады. Мұнай кластері үш облыстың, атап айтқанда Маңғыстау, Атырау мен Батыс Қазақстанның бар аумағын қамтиды. Біздің облыс мұнай қызметін дамыту бойынша алдыңғы қатардан орын алады. Бұл біздің бәсекелестік артықшылықтарымыз болып табылатын дамып келе жатқан көлік-логистикалық әлеует пен теңіз порттарына, сонымен қатар енді қолға алынып отырған машинақұрылысы мен инжиниринг саласына байланысты. Қарақиян ауданы Құрлық ауылы облыстың маңызды жерлерінің бірі. Бұл мұнайсервисі қызметі бойынша қазақстандық қамту көлемін арттыратын бірден бір өңір", - дейді облыс әкімі Алик Айдарбеков шара барысында.

"ҚазМұнайГаз" компаниясының салынып жатқан кәсіпкерліктерінің дирекциясы" ЖШС директоры Нұрлан Балғымбаевтың айтуынша, сарапшылардың есебінше, биыл зауытта 70 шақты кемеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар 6 жаңа кеме құрастырылады. Қазіргі таңда Қазақстанда түрлі бағыттағы және типтегі 280 шақты жұмыс істеп тұрған кеме бар. Қашаған кен орнын дамытудың екінші кезеңінде бұл көрсеткіш 500 кемеге дейін жетпек. "Алдағы уақытта инженерлер мен кеме құрылысы саласының мамандарын дайындайтын оқу ортылығын ашу жоспарланған. Зауттың акциясының 10 пайызы жобаның басқарушы операторына тиесілі болмақ", - дейді.

Айта кету керек, жоба үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік саясатқа сай келеді және Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан мақұлданған көлік инфрақұрылымы мен мұнай-газ секторын дамытудың мемлекеттік және салалық бағдарламаларына енгізілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны