04.07.2014, 20:02 3676

Ақтауда мұнай-газ өнеркәсібі кластері активінің конгрессі өтті

Ақтау қаласында мұнай-газ өнеркәсібінің ұлттық кластері активінің конгрессі өтіп, онда мұнай-газ саласының және кластерлік бастама құрамының одан әрі даму іс-әрекеттері талқыланды.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan today. Ақтау қаласында мұнай-газ өнеркәсібінің ұлттық кластері активінің конгрессі өтіп, онда мұнай-газ саласының және кластерлік бастама құрамының одан әрі даму іс-әрекеттері талқыланды.

Конгресс ұйымдастырушылары - Маңғыстау облысының әкімдігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Конгресс жұмысына Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, ҚР Мұнай және газ министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев, "Самрұқ-Қазына" қоры" АҚ Мұнай-газ активі дирекциясының басқарушы директоры Мәлік Сәлімгереев, "KAZENERGY" "Мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қазақстандық ассоциациясы" ЗТБ адами капиталын дамыту бойынша атқарушы директоры Тоғжан Қожалиева, ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Екатерина Никитинская, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Қазақстандық мұнай және газ институты" АҚ, еліміздің мұнай-газ секторының құрамына кіретін кәсіпорындар өкілдері қатысты.

Бағдарлама аясында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан аумағында мұнай-газ өндіру және қайта өңдеу, мұнай-газ химиясы, машина жасау және мұнай-газ өнеркәсібі үшін қызмет көрсету бойынша Ұлттық Кластердің дамуына мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады. Экономиканы қалыптастырудағы кластерлік тәсіл аумақтар дамуының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең тиімді тәсіл болып табылады.

Ұлттық кластер кеңесіне ҚР Мұнай және газ министрлігі, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және "Самрұқ-Қазына" ҰИАҚ" АҚ кіреді.

Айта кетейік, 2014 жылдың 19 мамыры күні Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы мақұлданған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны