24.09.2009, 17:26 3486

Ақтауда су көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Ақтауда су көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Астана. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтау қаласында 2009 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау комитеті теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырысқа кеме иелері, теңіз операторлары, теңіз сауда портының, кеме иелері ассоциациясының, классификациялау қоғамдарының, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы инспекциялары мен ҚР Искери-теңіз күштерінің гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің өкілдері қатысты.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазіргі кезде Қазақстанда Қаспий аумағында сауда теңізде жүзу қарқынды дамуда. Қазақстандық реестрде тіркелген кемелердің саны жыл сайын артып келеді. Соңғы 5 жылда олардың саны үш есе өсіп, 240 бірлікті флот құрап отыр.

"Кеңес барысында Каспий арқылы тасымалдау барысында туындайтын мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, теңіз кемелері жүзуінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін кемелердің батып кеткен әртүрлі мүліктері мен құрылғылары, бұрғы қондырғылары. Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы кемелердің жүзуін навигация-гидрографиялық жағынан қамтамасыз ету деңгейі төмен. Кемелердің еспелі винтына оралу фактілері жиіленгеніне байланысты балық аулау торларының рұқсатсыз орналастыруы мәселесі шешілмей отыр. Ұлттық заңнаманы Халықаралық теңіз ұйымы (IMO) аясында қабылданған конвенциялар талаптарына үйлестіру қажет",- делінген хабарламада.

Кеңеске қатысушылар барлық ағымдағы мәселелерді талқылап, олардың шешілуін ерекше бақылауға алды.

Су көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінің жалғасы ретінде комитет пен оның аймақтық органдардың 12-ші республикалық семинар-кеңес өткізілді. Бұл кездесуде кеме қатынасы мен теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған су көлігіндегі бақылау-қадағалау қызметін іске асыру барысында туындайтын және көлік саласының осы саладағы заң бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды. Кеңесті қорытындылай келе, қаралған мәселелерді шешу жолдары бойынша бірлескен ұсыныстар қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны