11.01.2012, 12:31 4502

Ақтауда су тұщытатын екі қондырғы салыну жоспарлануда

Бұл туралы "ҚазАтомӨнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Владимир Школьник Ақтаудан тікелей бейнебайланыс арқылы қатысқан Үкімет отырысында мәлім еткен.

Астана. 11-қаңтар. Kazakhstan Today - Ақтауда су тұщытатын екі қондырғы салыну жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, бұл туралы "ҚазАтомӨнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Владимир Школьник Ақтаудан тікелей бейнебайланыс арқылы қатысқан Үкімет отырысында мәлім еткен.

"2012 жылы біз тәуліктік қуаты 12 мың тонна дестиваттық екі қосымша көлбеу-үлдірлі су тұщыту қондырғысының құрылысын бастаймыз. Олар 2012-2013 жылдары кезекпен санылады және тұщы су тапшылығы жойылады",- деп мәлім етті В.Школьник.

"ҚазАтомӨнеркәсіп" компаниясы қазіргі таңда тәулігіне 65 мың дестиват тұщы су өндіріп, Ақтау қаласы мен оның іргесіндегі аудандарды қамтамасыз етіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны