06.08.2012, 17:52 7026

Ақтаудағы жол битумы зауыты желтоқсан айында іске қосылады

2012 жылдың желтоқсан айында "Ақтау пластикалық масса зауытындағы Жол битум өндірісі" инвестициялық жобасы іске қосылады, деп хабарлады Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметінен pm.kz сайтына.

Ақтау. 6-тамыз. Kazakhstan Today - Ақтаудағы жол битумы зауыты желтоқсан айында іске қосылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылдың желтоқсан айында "Ақтау пластикалық масса зауытындағы Жол битум өндірісі" инвестициялық жобасы іске қосылады, деп хабарлады Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметінен pm.kz сайтына.

"Бүгінгі таңда барлық технологиялық жабдықтар - колонналар, пештер, сорғылар, жылуалмастырғыштар, ыдыс және сепараторлық жабдықтардың 80 пайызы, ауамен салқындатушы аппараттардың 60 пайызы жеткізілді", - делінген ведомство хабарламасында.

Жобаның барлық нысандарының құрылысы 2012 жылдың желтоқсан айының соңына қарай аяқталады деп жоспарлануда.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың мамыр айында құбыр және арматура өнімдерінің алғашқы партиясы (қажетті барлық көлемнің 25 пайызы), сорғы жабдықтары, теміржол және автоқұю эстакадалары, вертикальды болат резервуарларға арналған жабдықтар жеткізілді.

Министрліктің ақпараты бойынша, нысанның технологиялық аумақтары бойынша жабдықтар мен технологиялық этажеркалардың және эстакадалардың монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Оған қоса,технологиялық колонналар мен пештердің іргетастары -100 пайызға, жылуалмастырғыштар мен ыдыс жабдықтары - 80 пайызға, этажеркалар - 70 пайызға, құбыр эстакадасы - 50 пайызға құрастырылды, сондай-ақ құбыр тораптары мен секцияларды даярлау үшін құрастыру алаңдары әзірленді, битумді модификациялау және сығымдау технологиялық блоктарының іргетасын қондыру жөніндегі құрылыс жұмыстары атқарылды.

Ал, жалпы зауыт шаруашылығының нысандарына келер болсақ, резервуарлар, дайын өнімдер сақталатын қоймалар құрастырылып, гидросынақтан өткізілді, резервуар парктерінің, автоқұю стансаларының технологиялық бекіткіштері, инженерлік желілер мен коммуникациялар, цехаралық технологиялық және кабельдік эстакадалар салынуда.

Бұл зауыт ҮИИД бағдарламасының ірі мұнай-химиялық жобаларының бірі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны