23.12.2017, 16:02 5072

Ақтөбе қаласында автокөліктерді метан газымен жабдықтайтын алғашқы станция ашылды

Ақтөбе қаласында автокөліктерді сығымдалған метан газымен жабдықтайтын компрессорлық станцияныӊ (АГТКС) ашылу салтанаты өтті.

Ақтөбе. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today -Ақтөбе қаласында автокөліктерді сығымдалған метан газымен жабдықтайтын компрессорлық станцияныӊ (АГТКС) ашылу салтанаты өтті. Жобаны Ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ Ақтөбе облысында автокөліктерді сығымдалған табиғи газға (СТГ) ауыстыру бағдарламасы шеӊберінде іске асырды.

Осы жобаны іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге Ақтөбе облысыныӊ әкімдігі мен "ҚазТрансГаз" АҚ 2015 жылы қол қойған болатын.

Ұлттық газ операторы Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2013 жылғы30 мамырдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасыныӊ "Жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдамасы шеӊберіндеел өӊірлерінде ауқымды жұмыс жүргізуде.

Аталған құжаттыӊ негізгі мақсаты - бензин немесе дизель секілді дәстүрлі отын түрлерін қолданатын автокөліктерді мотор отыныныӊ экологиялық таза және неғұрлым үнемді түріне ауыстыру есебінен экологияны жақсарту болып табылады.

Автомобильдік газ толтыру компрессорлық станцияларын салу және пайдаланутәжірибесін ескере отырып, Ақтөбе облысыныӊ аумағында АГТКС жобасын іске асыру жөніндегі бірыӊғай оператор ретінде "ҚазТрансГаз" АҚ-ныӊ еншілес компаниясы-"ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШСбелгіленді.

Автобус парктері, жеке тұлғалардыӊ жолаушылар көлігі, "ҚазТрансГаз" АҚеншілес компанияларыныӊ өӊірлік филиалдарыныӊ жүк және жеӊіл автокөліктері, сондай-ақ жеке автокөліктер сығымдалған газдыӊ негізгі тұтынушыларына айналады. Оператор "ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС сығымдалған табиғи газбен жүретін автобус паркін құру жоспарын үйлестіре отырып, станциялардыӊ құрылысын іске асыруда.

Ақтөбе қаласыныӊ әкімі Ілияс Испанов бұл жобаныӊ маӊызды екенін атап өтті. "Икімшілік инфрақұрылымдық қолдау білдірді. Енді метанмен жүретін автобустар сатып алынып жатыр. Қала экологиясына, жолақыға және көлік отыныныӊ бағасына да өте қолайлы. Болашақта осындай қауіпсіз станцияларды көбейтуге күш саламыз" - деп атап өтті.

Бастапқы сатыда Ақтөбе қаласында сығымдалған газбен жүретін 50 автобусқа қызмет көрсетілсе, келесі жылы мұндай автобустар саны 200 данаға дейін жеткізілмек. Бұл ретте, газ толтыру станциялары тәулігіне 400 автокөлікке дейін газ толтыра алады. Келешекте, 2022 жылға дейін аймақта тағыда 6 АГТКС салынатын болады. Автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциялары облыстыӊ автопаркін ғана емес, ресейлік Самараға шығатын Орынбор және Орал бағытындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" бағытындағытранзиттік автокөліктерді де осы отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл мемлекет Басшысыныӊ Қазақстан аумағында "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" трансконтиненталдық автобан бағытында толық инфрақұрылым құру туралы тапсырмасына да сәйкес келеді.

Анықтама: 2014 жылғы ақпанда "ҚазТрансГаз" АҚ және "Газпром газмотор отыны"ЖШС арасында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" транзиттік бағыт бойынша және шекара қасындағы аудандардағы газ толтыру инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасында автомобильді газ толтыру компрессорлық станцияларыныӊ желілерін дамытудыӊ перспективалық жоспары әзірленді. Ақтөбе облысы бойынша осы аймақты газдандыру жоспарына сай түрлі қуаттылықтағы 7 станцияны салу қарастырылып отыр. Бүгінгі күні республика бойынша "ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС-не тиесілі 6 автомобильді газ толтыру компрессорлық станциясы жұмыс істейді. Компрессорлық станцияда 200 - 250 бар (196-245 кг/см2) қысымға дейін сығылған (сығымдалған) газ іштен жану қозғалтқыштарында моторлық отын ретінде пайдаланылады. Бүгінгі күні Қазақстанда автокөліктік отын ретінде сығымдалған табиғи газды (метан) емес, сұйытылған көмірсутегін (пропан-бутан қоспасы) жиі қолданады. Ол 16 атм. қысымдағы баллондарда сұйытылған түрде болады. Мұндай қоспа анағұрлым "лас" және сұйытылған табиғи газбен салыстырғанда қолдануға қауіпті отын деп есептеледі. Бұдан бөлек сұйытылған газ қолданатын моторда қозғалтқыш қуаты 30%-ға дейін төмендейтін себепті ауыр жүк көліктерінде қолданылмайды.

"ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны