25.07.2018, 23:26 5476

Ақтөбе қаласында инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу "Protecting business and investment" жобасыныӊ таныстырылымы өтеді

Еліміздегі шетелдік инвесторлардыӊ бизнес жүргізуіне көп жағдайда заӊнаманыӊ жетілмегендігі, сыбайлас жемқорлық фактілерініӊ болуы, сот жүйесі мен реттеуші органдар қызметіндегі ашықтықтыӊ болмауы және қабылданатын сот актілерініӊ болжаусыздығы қолайсыздық пен тәуекелдерді тудыруда.

Ақтөбе. 25 шілде. Kazakhstan Today - Ақтөбе қаласында инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу "Protecting business and investment" жобасыныӊ таныстырылымы өтеді.

Еліміздегі шетелдік инвесторлардыӊ бизнес жүргізуіне көп жағдайда заӊнаманыӊ жетілмегендігі, сыбайлас жемқорлық фактілерініӊ болуы, сот жүйесі мен реттеуші органдар қызметіндегі ашықтықтыӊ болмауы және қабылданатын сот актілерініӊ болжаусыздығы қолайсыздық пен тәуекелдерді тудыруда.

Ақтөбе облысындағы Инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту кеӊесініӊ отырысы аясында ағымдағы жылдыӊ 26 шілдесі сағат 10:00 де "Атамекен" кәсіпкерлер палатасыныӊ ғимаратында инвесторларды сыйбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу "Protecting business and investment" жобасы фронт-кеӊсесініӊ ашылу салтанатын өткізу жоспарлануда.

Аталған жобаныӊ мақсаты - аймақта қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру жіне бизнес пен инвесторлардыӊ мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыру болып табылады.

Іс-шара аясында инвесторлардыӊ сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қосылуы және Ақтөбе облысы әкімдігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Ақтөбе облысы бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросыныӊ Ақтөбе облысы бойынша департаменті және өӊірлік "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы арасында өзара іс-қимыл туралы төрт жақты меморандумға қол қою жоспарлануда.

Жобаны таныстыруға арналған шараға Ақтөбе облысы әкімініӊ орынбасары К.Бекенов, жоғарыда аталған мекемелердіӊ бірінші басшылары мен 30 жуық инвесторлар қатысады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны