27.01.2014, 19:06 4802

Ақтөбе облысы мен Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясының басшылары инвестжобалардың жүзеге асуын талқылады

Осы жобаны іске асыру нәтижесінде Қазақстанның жоғары сапалы феррохром шығару бойынша экспорттық әлеуеті 16 пайызға артады. Ал заманауи технологияларды пайдалану өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймайды, жұмысшылардың қауіпсіздігін сақтайды, экологиялық жағдайға оң әсер етеді, яғни зиянды қалдықтардың бөлінуі төмендейді.

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan today. Ақтөбе облысына Еуразиялық Табиғи Ресурстар Корпорациясының (ENRC) негізін қалаушылары мен акционерлерінің бірі Александр Машкевичтің бастауымен корпорацияның басшылық тобы келді. Олар облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қабылдауында болып, бірқатар маңызды инвестициялық жобаларға қатысты мәселелер төңірегінде әңгімелесті, деп облыстың ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы екінші шахтаның құрылысы басталатыны туралы айтқан Александр Машкевич аймақ басшысын осы жобаға және Дөң тау-кен байыту комбинатына қатысты басқа да жұмыстарға 80 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция қаралғанын жеткізді. Бұл қуаттылығы жылына 440 тонна болатын және құны 830 миллион АҚШ долларын құрайтын жаңа ферроқорытпа зауытының сұранысын қамтамасыз ету үшін хром өндіру көлемін көбейтуге мүмкіндік береді. Осы өндіріс орнында әлемде баламасы жоқ жоғары сапалы феррохром өндіруге мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар енгізілген. Зауыт алғашқы өнімді биылғы жылдың екінші тоқсанында шығаруды жоспарлап отыр екен", - делінген хабарламада.

Осы жобаны іске асыру нәтижесінде Қазақстанның жоғары сапалы феррохром шығару бойынша экспорттық әлеуеті 16 пайызға артады. Ал заманауи технологияларды пайдалану өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймайды, жұмысшылардың қауіпсіздігін сақтайды, экологиялық жағдайға оң әсер етеді, яғни зиянды қалдықтардың бөлінуі төмендейді.

Сонымен қатар, компанияда жылына қуаттылығы 65 мың тонна жоғары сапалы феррохром шығаруға арналған цех және қуаттылығы 50 МВт болатын электростансаның құрылысын салу туралы мәселе қаралуда.

Ал аймақтың атқарушы билік өкілдері тарапынан ENRC корпорациясының Ақтөбе облысының аумағында өндіріс жұмыстарын жүргізуі үшін жағдай туғызылмақ. Оның ішінде Жіңішке темір жол станциясының өткізу пунктін кеңінен пайдалануға мүмкіндік беру, ENRC балансына Хромтау қаласына қарасты Дөң темір жол стансасын тапсыру сияқты бірқатар келісімдер бар.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауында Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену бойынша бірқатар стратегиялық міндеттер қойып отыр. Мен ENRC корпорациясының қызметі бұдан әрі Ақтөбе облысының, жалпы Қазақстанның экономикалық мүмкіндігін нығайтуға көмектесетініне сенімдімін", - деді А.Мұхамбетов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны