25.08.2016, 12:29 3853

Ақтөбе облысы Польша республикасымен өӊіраралық қатынастарды дамытуда - әкімдік

Өӊіраралық қатынасты дамыту мақсатында Польша Респубилкасыныӊ Лодзь воеводствосы мен Ақтөбе облысы әкімдігініӊ арасында меморандумға қол қойылды, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Астана.25 тамыз. Kazakhstan Today - Өӊіраралық қатынасты дамыту мақсатында Польша Респубилкасыныӊ Лодзь воеводствосы мен Ақтөбе облысы әкімдігініӊ арасында меморандумға қол қойылды, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Тараптар арасындағы келісімге Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Варшаваға мемлекеттік сапары аясында қол қойылды. Жергілікті ірі кәсіпорындар жетекшілері енген делегацияға облыс әкімініӊ орынбасары Мұхтар Жұмағазиев басшылық етті.

Лодзь воеводствосы - Польшаныӊ қарабидай, картоп және техникалық өсімдіктеі өсіретін, жеміс-жидек пен көкөніс консервілерін өндіретін ірі өӊірлердіӊ бірі. Онда тоқыма бұйымдар өндірісі (мақта, жүн, жібек, тоқыма киім), химия өнеркәсібі (пластмасса, резеӊке, химиялық талшықтар өндірісі) жақсы дамыған. Жиһаз өнеркәсібі, фармацевтика, құрылыс және әрлеу материалдары, дәлдік және медициналық жабдықтар құрылысы мен полиграфия қарқынды дамып келеді. Воеводство елдегі керамика, еден және қасбет плиталары өнімдерініӊ 70 пайызын шығарады.

Қазіргі таӊда Польша кәсіпорындары Ақтөбе облысында керамикалық плита, кәріз тазарту құрылғылары өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорындар құруға қызығушылық танытуда.

Сапар барысында ақтөбелік делегация Лодзь воеводствосы және ауыл шаруашылығы саласындағы ірі кәсіпорындары басшыларымен кездесіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін және өӊдейтін жетекші кәсіпорындарды аралады. Сапар соӊында екі жақтыӊ сауда-экономикалық және ғылыми-мәдени ынтымақтастығын дамытуға, шағын және орта кәсіпорындарды қолдау саласында тәжірибе алмасуға, тараптардыӊ экономикаларындағы басым секторларында бірлескен кәсіпорын құруға мүмкіндік беретін ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, өӊірлер мен Польша арасындағы сауда айналымы 2015 жылы 37,3 млн. АҚШ долларына жетті, оныӊ ішінде экспорт көлемі - 29,1 млн. АҚШ доллары, импорт - 8,1 млн. АҚШ доллары. Ақтөбе облысынан Польшаға негізінен ферроқорытпа, шикі мұнай мен мұнай өнімдері, мұнай газы мен газтәрізді көмірсутек тасымалданады. Ақтөбе облысына жиһаз, көкөніс және жемісИжидек, текстиль бұйымдары импортталады.

Қазіргі таӊда Польша компанияларымен облыс аумағында бірлескен кәсіпорындар құру жөнінде келіссөздер жүргізілуде. CIECH компаниясы кальцийлендірілген ұнтақ өндірісі, Paradyz компаниясы керамикалық плитка өндіретін бірлескен кәсіпорын құру жөнінде, Ecolog компаниясы кәріз тазарту құрылғыларын модернизациялау, сонымен бірге облыс аумағында тазарту қондырғылары өндірісін құру мүмкіндіктері қарастырылуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны