Система Orphus

Ақтөбе облысында "7-20-25" бағдарламасы бойынша 202 өтінім мақұлданды

24.01.2019, 20:20 8475

Ақтөбе. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында "7-20-25" бағдарламасы бойынша 202 өтінім мақұлданды.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турда Ақтөбе қаласы әкімініӊ орынбасары Ұшқын Мыӊбаев мәлімдеді.

Айта кету керек, ипотекалық тұрғын үй несиесін беру бағдарламасы "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасы" аясында ҚР Президентініӊ "әрбір отбасына тұрғын үй алуға жаӊа мүмкіндіктер беру" атты алғашқы бастамасын жүзеге асыру мақсатында әзірленген.

"7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыруда өӊірдегі 8 банк белсенді жұмыс жасайды, оныӊ ішінде "Қазақстан Халық Банкі", "ЦентрКредит Банкі" және т.б бар.

"Біздіӊ облыста екінші деӊгейдегі банктер 3079,0 млн.теӊгеге 364 өтінім қабылдады. Оныӊ 202-сі қазір 1776,0 млн.теӊгеге мақұлданып отыр. "Центр Кредит Банкі" екінші деӊгейлі банктер арасында несие беруде көш бастап тұр, оларға барлық тұрғын үй несиелерініӊ 67% берілді", - деді Ұшқын Мынбаев БАҚ өкілдеріне.

Естеріӊізге сала кетейік, "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасыныӊ негізгі талаптары: жеке меншікте тұрғын үйдіӊ болмауы, төлем қабілеттілігін растау, тұрғын үйдіӊ жалпы құныныӊ 20% мөлшерінде бастапқы жарнасыныӊ болуы.

Баспасөз туры барысында БАҚ өкілдеріне аталған бағдарлама аясында сатылатын пәтерлер көрсетілді, сондай-ақ, Ақтөбеніӊ жылжымайтын мүлік нарығындағы жаӊа өнім ұсынылды: бірінші кезекте қажет ететін тұрмыстық техникасы бар.толықтай жиһаздалған пәтерлер,

Сондай-ақ, Ақтөбеде көп қабатты коммерциялық тұрғын үйлердіӊ құрылысымен 25 компания айналысатыны атап өтілді. Негізгі құрылыс жұмыстары "Батыс 2" тұрғын алабында жүргізіледі.

Тұрғын үйдіӊ 1 ш. м. құны коммерциялық тұрғын үйлердіӊ қабатына байланысты 140 000 - 160 000 теӊге.

Сонымен қатар, спикер "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ өзгерістері туралы да айтып өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны