15.03.2007, 11:11 3469

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылық өнімдерін сатуға арналған карантинді-экспорттық алаңның құрылысы басталмақ

АҚТӨБЕ. 15 наурыз. Kazakhstan Today. Биыл Ақтөбе облысында ауыл шаруашылық өнімдерін сатуға арналған карантинді-экспорттық алаңның құрылысы (КЭА) басталады,-деп хабарлайды агентік тілшісі Ақтөбе облысы ауыл шаруашылық департаментіне сілтіме жасай отырып.

КЭА Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында салынады. Бұл үшін облыстық бюджетен 250 млн теңге қаржы бөлу жоспарланып отыр,-деді департаменттегілер.

Ауылшаруашылығы департаментіндегілердің айтуынша, аймақ басшылары қазіргі кезде Ақтөбенің шеткері аудандарында жеті жаңа сүт шаруашылығын салу және бүгінгі күні жұмыс істеп жатқан он бір сүт шаруашылығын одан әрі дамытумен айналысып жатыр. Сүт өндірісімен айналысатын шаруашылықтар санының көбейе түсуі халықты сүт және айранмен қамтамасыз етуге мүмкіндік ашады",-деп санайды департаменттегілер.

Сонымен қатар, биыл "Ақ құс" құс фабрикасы мен "Көктас-Ақтөбе" АҚ құрылыстарын аяқтап, іске қосу жоспарда бар. Сонымен қатар, жобалық қуаты 2500 тонна шошқа етін өндіретін Бестамақ мал кешенінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Департаменттегілер жоспардағы істердің барлығы аяқталған соң жылына экспортқа жалпы сомасы 25 млн $ өнімдер шығара алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны