22.07.2014, 19:47 3637

Ақтөбе облысында есептегіш құрылғыларын орнатуға 8 млрд теңге қарастырылған

Ақтөбе облысында есептегіш құрылғыларын орнату үшін мемлекет тарапынан 8 млрд теңге қарастырылған, - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. Ақтөбе облысында есептегіш құрылғыларын орнату үшін мемлекет тарапынан 8 млрд теңге қарастырылған, - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

1 912 үйдің 236-інде аталмыш құрылғылар орнатылған.

"Қазіргі уақыттағы есептеулер бойынша Ақтөбе облысында 429 көп қабатты тұрғын үйге 438 жылу есептегіш құрылғысы орнатылуы тиіс, бұл шаралардың құны 278 млн. теңге шамасын құрайды", - деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Марат Тағымов жиында.

Жиында "Коммуналды тұрғын үй шаруашылығының даму қоры" АҚ басқармасы директоры Дархан Кірқабақов жылу есебі приборларын қондырудың қадамдық механизмі туралы түсіндірді. Бұл ретте табиғи монополия субьектісі "Коммуналды тұрғын үй шаруашылығының даму қоры" АҚ-на бекітілген форма бойынша приборлар қондырғысын қаржыландыруға өтінім береді. Оның алдында жергілікті әкімшілікпен бірлесе отырып қондырғының басымдықтарын айқындап, тиісті құқықтық базаны, әрбір пәтер иесінің төлем үлесін белгілеуі тиіс. Аталған қор өтінішті он күн ішінде қарап, шешім шығарады.

Кеңес барысында "Трансэнерго" АҚ директорының орынбасары Альбигүл Ийтенова сөз алып, өзі қызмет атқаратын мекеменің тұрғындарды жылумен және ыстық сумен жабдықтаудағы атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. Ол бұл ретте есептеу приборын пайдаланудың тиімділігін нақты мысалдармен келтіре отырып, бүгінде әр шаршы метр үшін 69,82 теңге төлеп отырған тұрғынның екі есе шамасында үнем жасайтындығын айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны