24.04.2015, 20:27 5083

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ІЛЕСПЕ МҰНАЙ ГАЗЫН КИДЕГЕ ЖАРАТУ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

"ҚазТрансГаз" АҚ және Ақтөбе облысыныӊ әкімдігі "Қожасай" кен орнында газды кешенді дайындау қондырғысын салу арқылы Ақтөбе облысыныӊ жер қойнауын пайдаланушыларыныӊ ілеспе мұнай газын кәдеге жарату жобасын іске асыру бойынша "Capital Gate Kazakhstan" ЖШС-мен өзара түсіністік және ұзақмерзімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ақтөбе. 24 сәуір. Kazakhstan Today - "ҚазТрансГаз" АҚ және Ақтөбе облысыныӊ әкімдігі "Қожасай" кен орнында газды кешенді дайындау қондырғысын салу арқылы Ақтөбе облысыныӊ жер қойнауын пайдаланушыларыныӊ ілеспе мұнай газын кәдеге жарату жобасын іске асыру бойынша "Capital Gate Kazakhstan" ЖШС-мен өзара түсіністік және ұзақмерзімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Құжатқа қол қоюға Ақтөбе облысыныӊ әкімі А.Б. Мұхамбетов, "ҚазТрансГаз" АҚ Бас директорыныӊ маркетинг және коммерция жөніндегі орынбасары Р.Э. Сулейманов және "Capital Gate Kazakhstan" ЖШС компаниясыныӊ өкілі Грегори Воджак қатысты.

"Capital Gate Kazakhstan" ЖШС жалпы құны 100 млн. АҚШ доллары көлеміндегі газды кешенді дайындау қондырғысын салуды толық жүзеге асыра отырып, өзініӊ жеке және тартылған қаражаттар есебінен жобаға инвестиция құюға дайын. "ҚазТрансГаз" АҚ қондырғыдан жұмыс істеп тұрған магистральдық газ құбырларына дейін газ құбырын салу жөніндегі міндеттемелерді өзіне алады. Икімдік, өз кезегінде, қондырғы мен тиісті газ құбырлары салынатын жер учаскелерін ұсынуға, сондай-ақ құрылыс салуға арналған барлық қажетті рұқсат беру құжаттарын беруге жәрдем көрсететін болады.

Ақтөбе кен орындары топтарыныӊ ілеспе мұнай газын кәдеге жарату жөніндегі жоба бірден 3 жер қойнауын пайдаланушыныӊ - "ҚазахОйлАқтөбе" ЖШС, "КаспийНефтьТМЕ" АҚ және "АралПетролеумКэпитал" ЖШС-ныӊ факелдерінде жанатын шикі газды қайта өӊдеу арқылы өӊірдіӊ экологиялық проблемасын шешуге бағытталған. Қайта өӊделетін шикі газдыӊ жылдық көлемі 300 млн. текше метрді құрайды. Жобаны іске асыру республиканы, оныӊ ішінде Ақтөбе облысын одан әрі газдандыру үшін газ және газбен жабдықтау саласындағы Қазақстанныӊ ұлттық операторы - "ҚазТрансГаз" АҚ-ныӊ ресурстық базасын арттыруға мүмкіндік береді.

Газды кешенді дайындау қондырғысын салу жөнінде "ҚазТрансГаз" АҚ қарастырған барлық жобалардыӊ арасында "Capital Gate Kazakhstan" ЖШС ұсынған жоба сапасы, бағасы мен орындау мерзімі бойынша еӊ оӊтайлысы болып отыр. Жасалған меморандумға сәйкес объект 1,5 жылдыӊ ішінде салынатын болады.

Анықтамалық ретінде: Қазіргі уақытта ілеспе мұнай газын тазалап, тиімді кәдеге жарату бүкіл мұнай-газ кешенініӊ өзекті проблемасы болып табылады. Экологиялық мәселелерді шешуден басқа, Қазақстандық кен орындарыныӊ ілеспе мұнай-газы өзініӊ химиялық құрамы мен қасиеті жағынан айтарлықтай қызығушылық тудырады. Олардыӊ көптегені құрамында жоғары бағалы көмірсутек болуымен ерекшеленеді және тұтынушылардыӊ үйлеріне немесе өндірістерге жеткізілетін экологиялық таза өнім ғана болып қоймай, автокөлік үшін баламалы отын болып табылады және мұнайхимияда кеӊінен пайдаланылатын хош иісті көмірсутек алу үшін бастапқы шикізат бола алады.

"ҚазТрансГаз" АҚ - газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор. "ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобына газ өндіруші, тасымалдаушы және өткізуші және оныӊ өнімдерін қайта өӊдейтін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

"ҚазТрансГаз" АҚ-ныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны