27.07.2018, 15:55 4244

Ақтөбе облысында инвесторларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау жобасы таныстырылды

Жобаныӊ басты мақсаты инвесторларды кәсіпкерлік қызметі аясында ғана емес, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру барысындағы күнделікті өмірінде кездесетін барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғау және инвестициялық бизнес-климатты жақсарту болып табылады.

Ақтөбе. 27 шілде. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 26 шілдесінде Ақтөбе облысы әкімініӊ м.а. Қ.А. Бекенов төрағалығымен инвесторлар кеӊесі отырысыныӊ аясында инвесторлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге бағытталған "Protecting Business and Investments" жобасыныӊ жобалық кеӊсесі ашылды.

Жобаныӊ басты мақсаты инвесторларды кәсіпкерлік қызметі аясында ғана емес, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру барысындағы күнделікті өмірінде кездесетін барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғау және инвестициялық бизнес-климатты жақсарту болып табылады.

Жобалық кеӊсе ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ, сыртқы істер министрлігі, сондай-ақ инвестициялар және даму министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумы аясында құрылып, ел экономикасына инвестициялау үдерісін жеӊілдету, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық фактілері мен әкімшілік кедергілерді алдын-алуға бағытталған.

МҚІжСЖҚІҚА Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеӊес төрағасы Расул Махмудұлы Медетов өз алғы сөзінде Агенттік мүдделі инвесторларға Қазақстан аумағында сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғауға 100 % кепіл беретінін атап өтті.

- Агенттік инвесторлар қызметіне кедергі жасайтын әрбір фактке жедел және қатты әрекет етеді".

"Инвесторлар үшін жалғыз талап - инвестициялық жобада сыбайлас жемқорлық құрамынан жүз пайыздық бас тарту және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік".

Шенеуліктер үшін тежеушілік факторы болып, инвестициялық жобада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтіӊ бірден өз "қатысуын" көрсетуі табылады.

Егер инвестор бопсалаушылық фактілерімен кездесетін болса, ол өзініӊ міндеттеріне сәйкес нөлдік төзімділік көрсетіп, пара алмай, болған жағдай туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстваға хабарлау қажет. Бұл ретте ол басшылығына тікелей хабарлауына мүмкіндігі бар: Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығыныӊ нөмері сыбайлас жемқорлықтан қорғау алғысы келіп, жобалық кеӊсеге хабарласқан әрбір кәсіпкерге берілетін болады.

Сонымен бірге, отырыс барысында Ақтөбе облысы әкімдігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Ақтөбе облысы бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросыныӊ Ақтөбе облысы бойынша департаменті және өӊірлік "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы арасында өзара іс-қимыл туралы төрт жақты меморандумға қол қойылды.

Аталған меморандум мақсаты ынтымақтасты дамыту, сондай-аққолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру және бизнес пен инвесторлардыӊ мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыру үшін тараптар арасындағы тетіктер мен нысандарды анықтау.

Отырыстыӊ соӊғы бөлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша "Жаӊа төбе" ЖШС, "Gas processing" ЖШС, "H+H Technika" ЖШБ.

Барлығы 2018 жылы жобамен жалпы сомасы 62 млрд теӊге құрайтын 15 жобаны қамту жоспарланған.

Мысалы, бүгінгі күні Ақтөбе облысыныӊ аумағында 297, 7 млрд. теӊге құрайтын 20 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, ал 62 млрд. теӊгені құрайтын 15 жоба 2018 жылы жүзеге асырылатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны