15.10.2012, 17:30 3772

Ақтөбе облысында керамикалық тақтайшалар шығаратын зауыт қайта қалпына келтірілді

Хабар агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбеде "Бизнестің жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес саласында біраз жаңа кәсіпорындар іске қосылды. Бұл бағдарламаға аудан кәсіпкерлері белсенді қатысуда.

Ақтөбе. 15-қазан. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында керамикалық тақтайшалар шығаратын зауыт қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбеде "Бизнестің жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес саласында біраз жаңа кәсіпорындар іске қосылды. Бұл бағдарламаға аудан кәсіпкерлері белсенді қатысуда.

Исіресе, кезінде тұралап қалған кәсіпорындар үшін бағдарлама тың мүмкіндік берді. Хромтау ауданындағы керамика зауыты даму кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы жеңілдетілген несие алып, қайта жаңғыртылып, толық қуатында өнім шығара бастаған. Хромтаудағы керамика зауыты 1993 жылы ашылған. Бірақ, кейін 2009 жылы дағдарысқа ұшырап, тоқтап қалды. Елбасының тапсырмасымен қолға алынған жаңа бағдарлама бұл зауыттың қайтадан ашылуына септігін тигізді. Зауыт 220 млн. тенге несие алды. Жылдық үстемақысы 10 пайыз. Оның 7 пайызына "Даму" кепілдеме беріп отыр. Жаңа қондырғылар алып, жұмыс орындарының саны көбейтті. Бұл жерде жалақымыз да тұрақты, - дейді еңбеккерлер.

Зауыт италияндық замануи технологиямен жабдықталған. Өндіріс шығынсыз, әрі экологиялық таза. Халықаралық сапа стандарттарына сай өнім шығарады. Несиеге алынған қаржыға негізгі технологиялық желілер толық жаңадан орнатылды. Қазір 100-ден астам плита түрін сұранысқа сай шығаруда.

Қазір 160 жұмысшы екі ауысымда еңбек етеді. Орташа жалақылары 50-60 мың тенге аралығында. Негізгі шикізаты жергілікті жерден. Кәрлен плиткалардың сапасы жоғары болғандықтан, келешекте Кеден одағы аясында басқа елдер нарығына да шығарып, өндірісті кеңейту жоспарлануда. Ақтөбеде "Дамуға" өңірлік үйлестіру кеңесі 161 жобаны мақұлдаған. Олар құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылығы және тағам өнімдерін шығаруға бағытталған.

Ақтөбенің Хромтау, Мартөк, Қарғалы аудандарының кәсіпкерлері осы бағдарламамен біраз жаңа нысан ашып отыр. "Даму" қорының көмегін аудан кәсіпкерлері тиімді пайдалана бастаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны