29.08.2016, 11:26 3931

Ақтөбе облысында қиыршық тас зауытыныӊ жаӊа желісі іске қосылды

Кәсіпорында жаӊа 116 жұмыс орны ашылады. Жобаға тартылған инвестиция көлемі 1,3 млрд. теӊге.

Ақтөбе.29 тамыз. Kazakhstan Today - ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдыӊына орай, "Теміржол жөндеу" ЖШС - "Біршоғыр қиыршық тас зауыты" филиалында ұсақ фракциялы қиыршық тас зауытыныӊ жаӊа желісі салтанатты жағдайда іске қосылды. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Соӊғы жылдары Қазақстанда қиыршық тасқа сұраныс айтарлықтай артты. Өнімніӊ бәсекеге қабілеттілігін сақтау мақсатында Шалқар ауданыныӊ аумағында жұмыс жасайтын Біршоғыр қиыршық тас зауытыныӊ басшылығы жол құрылысына қажетті тауарлы ірі фракциялы қиыршық тас өндірісінен сұранысқа ие жоғары сапалы ұсақ фракциялы қиыршық тас өндірісіне ауысу жөнінде шешім қабылдады.

ЖШС қолданыстағы ДСК-350 қондырғысын өзгертіп, өндірісті модернизациялап, заманауи ұнтау жабдығын қолдану арқылы ДСК-300 технологиялық желісін құрды.

"Теміржол жөндеу" ЖШС бас директоры Искандир Қарсыбековтыӊ айтуынша, аталған жобаны жүзеге асыру арқылы өндіріс қуаттылығын жылына 2 миллионнан астам тоннаға дейін арттырып, өнеркәсіптік және азаматтық құрылысқа қажетті 5-10 мм, 10-20 мм, 6 (f)d фракциялы тауарлы қиыршық тастыӊ жаӊа өндірісін жолға қоюға мүмкіндік береді.

Кәсіпорында жаӊа 116 жұмыс орны ашылады. Жобаға тартылған инвестиция көлемі 1,3 млрд. теӊге.

Бүгін іске қосылған жобаныӊ арқасында кәсіпорын ҚР көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктеріне ие болады. Нақтырақ айтқанда автожолдар құрылысы мен 2020 жылға дейінгі өӊірлерді дамыту бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына атсалысады.

" Еӊ бастысы-жаӊа өндіріс тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Жаӊа жұмыс орындарын ашу және жұмыс орындарын сақтау - бұл мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы. Елбасы тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесіне айрықша көӊіл бөліп отыр", - деп атап өтті "Қамқор" ЖШС ұжымын компанияныӊ құрылғанына он жыл толуымен құттықтаған облыс басшысы.

Одан кейін Бердібек Сапараев қиыршық тас өндірісін іске қосты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны