11.01.2019, 13:50 5675

Ақтөбе облысында коммуналдық қызметтер тарифі айтарлықтай төмендеді

2019 жылғы 1 қаӊтардан бастап Ақтөбе облысыныӊ тұрғындары үшін коммуналдық қызметтер тарифі төмендейді. Табиғи монополия субъектілерімен тиісті бұйрықтар бекітіліп, ПИК басшыларымен, көмір жеткізуші компаниялармен және басқа коммуналдық қызметтер көрсетушілермен меморандумдар жасалды.

Ақтөбе. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында коммуналдық қызметтер тарифі айтарлықтай төмендеді.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімініӊ орынбасары Серік Төленбергенов мәлімдеді.

Оныӊ айтуынша, Елбасы тапсырмаларын іске асыру мақсатында 2019 жылғы 1 қаӊтардан бастап Ақтөбе облысыныӊ тұрғындары үшін коммуналдық қызметтер тарифі төмендейді. Табиғи монополия субъектілерімен тиісті бұйрықтар бекітіліп, ПИК басшыларымен, көмір жеткізуші компаниялармен және басқа коммуналдық қызметтер көрсетушілермен меморандумдар жасалды.

"Халықты газбен жабдықтау 10,2-ге % арзандайды (9 785,14 тг/1000 м3-ден 8 785,76 тг/1000 м3-ге), заӊды тұлғалар үшін 7,0%-ға (14 109,72 тг/1000 м3-ден 13 122,04 тг/1000 м3-ге) төмендейді. Облыс тұрғындары үшін жылумен жабдықтау 10,2% - ға, басқа тұтынушылар үшін 4,3%-ға арзандайды. Сумен жабдықтау қызметтерініӊ тарифі 6% - ға, су бұру қызметтерініӊ тарифі 6%-ға төмендетіледі. Электр энергиясы халық үшін 01.11.2018 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 10% - ға (9,24-тен 8,33 теӊге/кВтсағ-қа дейін), басқа тұтынушылар үшін 5,1% төмендейтін болады" - деді, облыс әкімініӊ орынбасары.

Бүгінгі күні көмір сатушылармен көмір бағасын төмендету бойынша меморандумдар жасалды. 1 желтоқсаннан бастап Шұбаркөл разрезіндегі көмір бағасы 2 500 теӊгеге, Қаражыра разрезінікі - 1 000 теӊгеге төмендеді. Меморандумды орындау нәтижесінде көмірдіӊ қорытынды бағасы: Шұбаркөл разрезінен - 13 500 теӊге, Қаражыра разрезінен - 14 500 теӊгені құрайды.

ПИК қызметтерініӊ тарифтері. Жалпы мүлікті ұстауға арналған ай сайынғы жарнаныӊ орташа мөлшері 20,5 тг/м2 құрады. ПИК қызметтерініӊ орташа тарифі 19,0 тг/м2 дейін немесе 7,3% - ға төмендеді. Еӊ төменгі тариф 12 - ден 11 тг/м2-ге дейін (8,3% - ға), еӊ жоғарғы тариф 65-тен 55 тг/м2-ге дейін (15,4% - ға) төмендеді.

Жеделсатыларға техникалық қызмет көрсету тарифтері айына 500-700 теӊгені құрайды. Жеделсатыларға қызмет көрсететін ұйымдармен жасалған меморандумдар негізінде тарифтер 450-650 теӊгеге дейін немесе 10% төмендеді.

Домофондарға қызмет көрсету жөніндегі қызметтердіӊ қолданыстағы тарифі 300 теӊгені құрайды, бұл республика бойынша көптеген қалалардыӊ көрсеткіштерінен төмен (480 теӊгеден 800 теӊгеге дейін өзгереді). Бүгінгі күні домофондарға қызмет көрсету тарифі 285 теӊгеге дейін немесе 5% - ға төмендетілді.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға бекітілген тариф құны заӊды тұлғалар үшін 1 м3 үшін 1446 теӊгені, жеке тұлғалар үшін бір адамға шаққанда 105 теӊгені құрайды. Ақтөбе қаласы бойынша жеке тұлғалар үшін төленетін қолданыстағы 105 теӊге тарифі Қазақстан бойынша еӊ төменгі тариф болып табылады. 2019 жылдан бастап ҚТҚ - ды шығару тарифтерін 104 теӊгеге дейін немесе 1%-ға төмендету жоспарлануда.

Осылайша, егер 2018 жылы ауданы 60 шаршы метрлі пәтердіӊ коммуналдық қызметтері үшін төленетін ай сайынғы төлем орташа есеппен 13325 теӊгені құраса, жаӊа жылдан бастап 12 046 құрайды немесе 9,6% - ға азаяды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны