11.03.2008, 14:18 3145

Ақтөбе облысында мемлекеттік несиелерді қайтара алмаған шаруа қожалықтарына қатысты шағымдар қаралуда

Ақтөбе облысында мемлекеттік несиелерді қайтара алмаған шаруа қожалықтарына қатысты шағымдар қаралуда

Ақтөбе. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында мемлекеттік несиелерді қайтара алмаған шаруа қожалықтарына қатысты шағымдар қаралуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ақтөбе облыстық ауданаралық экономикалық сотқа сілтеме жасап.

Мәселен, судья Ербол Сәрсеновтың хабарлауынша, қазір сот "Ақтөбе-агросервис" ЖШС түсірген 19 шағым қаралуда, бұл серіктестік шаруаларға шағын және орта бизнесті қолдау үшін берілген мемлекеттік несиелерді таратқан.

"Келісім-шарттарына сәйкес, ЖШС ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне несиелер таратса, олар өз кезегінде оны шарт бойынша қайтаруға міндеттеме жүктеп алған", - деді Е. Сәрсенов.

Алайда, судьяның айтуынша, ақша түрлі себептермен дер кезінде қайтарылмаған, сөйтіп, шаруа қожалықтарына қарсы 2006 жылғы келісім-шарт бойынша жүктеп алған міндеттемелерін орындап, берешекті қайтару жөніндегі талаппен шағым түсірілген.

Өз кезегінде "Ақтөбе-агросервис" ЖШС директоры Ермек Бисеновтың хабарлауынша, қазір бұл ұйым тағы да 20 шаруашылыққа қарсы сотқа шағым дайындауда.

"Жалпы алғанда ауылшаруашылығы тауар өндірушілері "Ақтөбе-агросервис" ЖШС-іне 400 миллион теңге берешек", - деді Е. Бисенов. Оның айтуынша, қарызды қайтару мерзімі екі жылға ұзартылған, бірақ, шаруа қожалықтары оны тағы да ұзартуды сұрауда. Олар екі жыл қатарынан түсімнің болмауына алып келген қуаңшылықты сылтау етуде.

Тұтастай алғанда Ақтөбе облысындағы шаруашылықтарға 2005-2007 жылдары несие түрінде 1 миллиард теңге таратылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны