29.08.2016, 10:21 3423

Ақтөбе облысында рельс дәнекерлеу кәсіпорны салынады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаӊа рельс дәнекерлеу кәсіпорны құрылысыныӊ іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Аталған жобаныӊ құны 3 млрд теӊге.

Ақтөбе.29 тамыз. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында рельс дәнекерлеу кәсіпорны салынады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаӊа рельс дәнекерлеу кәсіпорны құрылысыныӊ іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Аталған жобаныӊ құны 3 млрд теӊге.

Ақтөбе облысы әкімініӊ баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, Ақтөбе рельс зауытыныӊ жұмысы "Теміржол жөндеу" ЖШС үшін Қызғалдақты станциясында рельс дәнекерлеу кәсіпорны құрылысын бастауға ынталандырды.

Аталған инвестициялық-стратегиялық жоба Ақтөбе облысы әкімдігініӊ қолдауымен ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында жүзеге асырылуда.

"Теміржол жөндеу" ЖШС бас директоры Искандир Қарсыбеков облыс әкіміне дайындық жұмыстары туралы хабарлады. Жобаныӊ техникалық-экономикалық негіздемелері әзірленді, жобалау-сметалық құжаттамаларын дайындау жөнінде келісімшартқа қол қойылды, инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық жұмыстар жүргізілді. Бұл жобаныӊ ерекшелігі рельс дәнекерлеу кәсіпорныныӊ рельсарқалық зауытыныӊ қасына салынуы. Өз кезегінде аралық логистикалық сатылар қысқарады, шығын мөлшері аз, заманауи және оптимальды шешімдер өндіріс тиімділігін арттыра түсіреді.

Жоба екі жылдыӊ ішінде жүзеге асырылады. Жаӊа инновациялық кәсіпорынға жабдықтарды Aigre Technology Co. in Chengdu компаниясы жеткізеді, өндірістік қуаттылық жылына 500 шақырымнан кем болмауы тиіс.

Аймақ басшысы жиналғандарды өӊір үшін маӊызды шарамен құттықтады.

"Бүгін "Теміржол жөндеу" ЖШС рельс дәнекерлеу кәсіпорны құрылысыныӊ іргетасы қаланды. Бұл жоба Ақтөбе рельсарқалық зауыты өндіретін ұзындығы 120 метрлік рельстерді дәнекерлеуге мүмкіндік береді және "ҚТЖ" ҰК" АҚ жол шаруашылығыныӊ қажеттілігі толығымен өтейді. Өз тарапымыздан біз аталған жобаны жан-жақты қолдаймыз", - деген өӊір басшысы облыс әкімдігі, "Қамқор Менеджмент" және "Теміржол жөндеу" логотиптері бар капсуланы құрылыс орын тебетін алаӊға салды.

Кәсіпорында 50 жұмыс орны ашылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны