31.03.2014, 19:34 6867

Ақтөбе облысында сараланған тариф енген 2 жыл ішінде 84 млн теңгеге жуық қаражат үнемделді

Облыста электр энергиясына тәуліктік аймақ және тұтыну көлемі бойынша сараланған тариф енгізілгелі бері 2012-2013 жылдар аралығында 84 млн. теңге қаражат үнемделді.

Алматы. 31 наурыз. Kazakhstan today. Облыста электр энергиясына тәуліктік аймақ және тұтыну көлемі бойынша сараланған тариф енгізілгелі бері 2012-2013 жылдар аралығында 84 млн. теңге қаражат үнемделді.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, сараланған тариф жүйесі тұтынушылар тобы мен тұтынушылардың тұтыну көлемі бойынша сумен қамтамасыз етуге де енгізілді.

"Сараланған жүйе бірінші кезекте суды үнемдеп қолдануға үгіттеуге бағытталған. Сонымен, нәтижесінде 2012-2013 жылдар аралығында ауызсуды тұтыну бойынша облыста 12 млн. теңге үнемделді", - деп әкімдіктен хабарлады.

Айта кетерлік жайт, өңірде енгізіліп жатқан сараланған тариф саясатының принциптері реттейтін сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және электр энергияны және суды үнемдеуге бағытталған міндеттерді шешуге арналған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны