28.09.2018, 13:46 5645

Ақтөбе облысында тұрақтандыру қорын құруға 309 млн теӊге бөлінді

Оныӊ айтуы бойынша өӊірлік тұрақтандыру қоры - бұл облыс аумағында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, аграрлық азық-түлік нарығыныӊ реттелуіне ықпал ету үшін құрылған азық-түлік тауарларыныӊ жедел қоры.

Ақтөбе. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында тұрақтандыру қорын құруға 309 млн теӊге бөлінді.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Құсайн Сарсембай мәлімдеді.

Оныӊ айтуы бойынша өӊірлік тұрақтандыру қоры - бұл облыс аумағында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, аграрлық азық-түлік нарығыныӊ реттелуіне ықпал ету үшін құрылған азық-түлік тауарларыныӊ жедел қоры.

Жалпы алғанда, азық-түлік тауарларыныӊ өӊірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыруға ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 309 млн.теӊге бөлінді. Қордыӊ операторы "Базарларды басқару" ЖШС мемлекеттік-жеке меншік кәсіпорын негізіндегі "ҰК ИКК"Ақтөбе"АҚ болып табылады.

"Бүгінгі күні тұрақтандыру қорында 247 тонна қант, 100,5 тонна өсімдік майы, 27 тонна күріш, 111 тонна ұн сақталуда. Сонымен қатар, 2018-2019 жылғы маусымаралық кезеӊде 1 880 тонна картоп пен көкөніс сатып алу үшін фьючерстік келісімшарттар жасалды. "Пригородное" АШФ" ЖШС 500 тонна картоп, 100 тонна сәбіз, 200 тонна пияз, 80 тонна қырыққабат, ал "Актеп" ЖШС - 1000 тонна картоп жеткізеді", - деп толықтырды басқарма басшысы.

Айта кетейік, тұрақтандыру қорыныӊ өнімдері Ақтөбедегі 10 әлеуметтік павильонда, 2 әлеуметтік дүкен мен 10 шағын-базарда, сондай-ақ "Табыс" базарында сатылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны