14.04.2014, 19:22 3227

Ақтөбе облысында ҮИИД МБ бойынша 302 млрд теңгенің 70 жобасы жүзеге асты

Ақтөбе облысында соңғы 4 жылдың ішінде жалпы құны 301,8 миллиард теңге болатын 70 жоба іске асырылып, 5 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan today. Ақтөбе облысында соңғы 4 жылдың ішінде жалпы құны 301,8 миллиард теңге болатын 70 жоба іске асырылып, 5 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді. 2013 жылы 115,1 млрд. теңгеге 8 инвестициялық жоба іске асырылды, соның ішінде "Қазхром" ТҰК" АҚ-ның жылына 440,0 мың тонна жоғары көміртекті ферроқорытпа өндіретін жаңа ферроқорытпа зауытының (№4 цех) құрылысы маңызды жобалардың бірі болып табылады.

2014 жылы 10 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олардың жалпы құны - 200 млрд. теңге. Байланысқа бірінші болып шыққан ақтөбеліктер - олардың арасында "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ,"АГРАН" және "Стройдеталь" ЖШС мамандары мен жұмысшылары бар - "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-ның жаңа ғимаратында жиналды.

"Ақтөбе облысында соңғы 4 жылдың ішінде жалпы құны 301,8 миллиард теңге болатын 70 жоба іске асырылып, 5 мың тұрақты жұмыс орны ашылды, - деп атап өтті.

Облыста үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді", - облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрмұхамбет Ибдібеков.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны