31.08.2016, 12:11 7743

Ақтөбе облысында үй құрылысы комбинаты пайдалануға берілді

Зауыттыӊ қуаты жылына 50 мыӊ шаршы метр тұрғын үйді құрайды, бұл жыл сайын 10 тоғыз қабатты екі кіреберісті үй салуға мүмкіндік береді.

Ақтөбе.31 тамыз. Kazakhstan Today - Аталмыш нысанды салған "Үй құрылыс комбинаты" ЖШС компаниясы Ақтөбе қаласыныӊ тұрғындарын қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда белсенді ат салысып келеді, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

ЖШС директоры Дәулет Илиев жаӊа үй құрылысы комбинаты тұрғын үйді 100% қазақстандық мазмұнда салуға мүмкіндік беретінін айтты.

"Осы жылы біз еліміздіӊ айтулы оқиғасы - Қазақстанныӊ 25 жылдығын тойлаймыз. Осы жылдар аралығында еліміз 50 дамыған елдердіӊ қатарына еніп, ТМД елдерініӊ алды болды. Бүгін ашқалы тұрған үй құрылысы комбинаты ҚР үдемелі индустриалды даму бағдарламасы аясында салынған болатын",-деп атап өтті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Айта кету керек, жоба МЖС аясында "Ақтөбе" ИКК-мен бірлесе отырып жүзеге асырылып, оған мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілді: 1,4 млрд теӊге несие сомасыныӊ пайыздық мөлшері субсдияланып, 130 млн. астам теӊге қаржыға инфроқұрылым тартылды.

Зауыттыӊ қуаты жылына 50 мыӊ шаршы метр тұрғын үйді құрайды, бұл жыл сайын 10 тоғыз қабатты екі кіреберісті үй салуға мүмкіндік береді.

Жалпы, ҮҚК-н іске қосу өӊірде тұрғын үйге қол жеткізуді қамтамасыз етеді, ал шығарылатын өнім сапаныӊ әлемдік стандарттарына жауап беретін болады. Өндірісте Weckenmann компаниясыныӊ құрал-жабдықтарын пайдаланылады.

Үй құрылысы комбинаты "Өӊірлерді 2020 дамыту" бағдарламасын жүзеге асыру аясында қолданылатын сыртқы және ішкі қабырға панельдерін, еден плиталар, баспалдақтар және басқа да өнімдерді шығаруды жоспарлап отыр, алдағы уақытта сыртқы нарыққа шығуы ықтимал.

Шығарылатын өнімді пайдаланудағы негізгі артықшылықтыӊ бірі - құрылыс нысандарыныӊ салу мерзімдерін 1,5-2 жылдан 1 жылға дейін, құрылыстыӊ өзіндік құнын 30 пайызға дейін төмендетіп, сапасын арттырады.

Жаӊа кәсіпорында 100-ден астам жаӊа жұмыс орындары ашылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны