21.05.2012, 13:28 3293

Ақтөбе облысында жаңа ферроқорытпа зауытының құрылысын салу жөніндегі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Бұл жоба жоғары көміртекті феррохром өндірісіне әлемде баламасы жоқ инновациялық технология енгізеді, сондай-ақ өндірісте ең озық электрқұрылғылар мен автоматтандыру жүйелері және үнемі тоқпен жұмыс істейтін пештер пайдаланылады.

Астана. 21-мамыр. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысындағы "Қазхром" Трансұлттық компаниясы" АҚ ҮИИД бағдарламасының аясында жаңа ферроқорытпа зауытының құрылысын салу жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жоба жоғары көміртекті феррохром өндірісіне әлемде баламасы жоқ инновациялық технология енгізеді, сондай-ақ өндірісте ең озық электрқұрылғылар мен автоматтандыру жүйелері және үнемі тоқпен жұмыс істейтін пештер пайдаланылады.

Жобаның жүзеге асырылуы өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, жоғары көміртекті феррохром өнімін шығарудағы республикамыздың экспорттық әлеутін 16 пайызға, Ақтөбе облысының экспорттық әлеуетін 46 пайызға арттыра отырып, тауар санын көбейтуге жол ашады.

Болашақта ашылатын ферроқорытпа зауытының қуаттылығы жылына 400 мың тонна феррохром шығаруға жетеді. Капиталды салым көлемі 750 млн. АҚШ долларын құрайды. Жоба құрылысы 2013 жылы аяқталады.

Ақтөбе облысында 2010 жылы Индустрияландыру картасының аясында109,8 млрд. теңге соманың 24 нысаны іске қосылды және 5,4 мың жұмыс орны құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны