12.12.2017, 18:17 7932

Ақтөбе облысында жаӊа газ тарату станциясы іске қосылды

Тәуелсіздік мерекесі қарсаӊында Ақтөбе облысыныӊ Алға қаласында қуаттылығы сағатына 30 мыӊ текше метр жаӊа автоматты газ тарату станциясы іске қосылды.

Ақтөбе. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today -Тәуелсіздік мерекесі қарсаӊында Ақтөбе облысыныӊ Алға қаласында қуаттылығы сағатына 30 мыӊ текше метр жаӊа автоматты газ тарату станциясы іске қосылды.

АГТС-30 іске қосуға арналған салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

"Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен өӊірде халықтыӊ әл-ауқатын жақсартуға байланысты ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қол жеткізген келісімдер нәтижесінде "Қаз Транс ГазАймақ"АҚ өӊірді газдандыру үшін 20 млрд. теӊге бөлді. Қабылданған шаралар нәтижесінде Ақтөбе, Алға және Қандыағаш қалаларында АГТС тұрғызылып, 10 елді мекен газбен қамтамасыз етілді. Осы жұмыстардыӊ арқасында облысты газбен қамту 87% құрады",-деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Аталмыш жоба облыс әкімдігі мен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ арасындағы қол қойылған меморандум нәтижесінде жүзеге асырылды. Жаӊа АГТС-30 Алға қаласындағы осы уақытқа дейін жұмыс істеп тұрған станция жұмысын жеӊілдетіп, қуаттылығын арттыруға және Алға ауданындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік, өнеркәсіп нысандарына көгілдір отынныӊ үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді. Станцияныӊ қуаттылығы қазіргі таӊда жұмыс істеп тұрған нысандарды табиғи газбен қамтып қана қоймай, болашақта да газ таратуға жеткілікті.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Ақтөбе өндірістік филиалыныӊ директоры Бақтияр Ізбасаровтыӊ мәліметінше, жалпы, Ақтөбе облысында елді мекендерді газдандыру және газ тарату желілерін жаӊғырту аясында 600 мыӊ метр құбыр пайдалануға беріліп, 700 зауыт пен өнеркәсіптік нысандары және 5,5 мыӊ тұтынушы көгілдір отынға қол жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны