19.06.2008, 10:24 1544

Ақтөбе облысының әкімшілігі 8,6 млрд теңгеге жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге ниет танытып отыр

Ақтөбе облысының әкімшілігі 8,6 млрд теңгеге жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге ниет танытып отыр

Ақтөбе. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысының әкімшілігі 8,6 млрд теңгеге жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге ниет танытып отыр. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Көрсетілген сомадан жергілікті деңгейдегі маңызы бар жолдарды салу мен жөндеуге 5 млрд теңге, ал республикалық маңызы бар тас жолдарды жөндеуге 3,6 млрд теңге жұмсалады", - деп атап көрсетті облыс әкімі.

Бұл ретте облыс әкімі тас жолдардың жағдайы соңғы 3-4 жылда айтарлықтай өзгергенін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны