16.07.2014, 22:25 3249

Ақтөбе облысының ең шалғай аудандарының бірінде ЖЭК пайдаланылуда

"Құрылғының құны 5,5 млн теңге. Осы құрылғыны алу үшін мемлекет лизинг түрінде 10 жылға дейінгі мерзіммен жеңілдетілген несие берді. Мемлекеттің қолдауымен лизингтік негізде мен "Сыбаға" бағдарламасына қатыса отырып ауыл шаруашылығы техникасын алдым",- дейді кәсіпорын директоры.

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan today. Ақтөбе облысының ең шалғай аудандарының бірін Байғанин ауданында шопандарға арналып батыстың технологиямен жұмыс істейтін жаңа энергоүнемдегіш құрылғы пайдаланылуда, - деп хабарлайды "Мерей және К" ЖШС директоры Төлеген Шәудір.

"Өткен жылы шалғайдағы шаруаларға жел генераторы мен күн панелінен тұратын батыстың технологиямен жұмыс істейтін жаңа энергоүнемдегіш құрылғы орнаттық. Бұл агроөнеркәсіп кешеніндегі "Қазагроқаржы" АҚ кестесімн басталған алғашқы жоба. Нәтижесінде жаңа технологияның қолданылуымен біздің электр жарығынан шалғайда тұратын шаруашылық баламалы қуат көзінен 5кВт/с қуатқа дейін ала алады", - дейді.

Аталмыш қуатты құрылғы су соратын сорғының жұмыс істетуіне, теледидардың жұмыс істеуі мен тоңазытқыш және өзге де тұрмыстық техникалардың жұмыс істеуіне жеткілікті.

"Құрылғының құны 5,5 млн теңге. Осы құрылғыны алу үшін мемлекет лизинг түрінде 10 жылға дейінгі мерзіммен жеңілдетілген несие берді. Мемлекеттің қолдауымен лизингтік негізде мен "Сыбаға" бағдарламасына қатыса отырып ауыл шаруашылығы техникасын алдым. Аудан орталығында модульді қасапхана аштым. Онда арнайы мал дәрігерлік зертханасы бар. Бұл нарықта сапалы сиыр еті, қой еті мен жылқы етінің пайда болуына мүмкіндік береді. Қазақстанның ауыл шаруашылық саласындағы әлеуеті орасан. Менің ойымша, Президенттің берген тапсырмаларын іске асыра отырып біздің ел болашақта қуатты аграрлы мемлекетке айналады", - дейді кәсіпкерлік директоры.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны