21.01.2013, 16:38 2986

Ақтөбе облысының қажеттілігі үшін төмендетілген бағамен тауарлы мұнай газы жеткізілетін болады

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өткен аптаның соңында ҚР-ғы CNPC президенті Лю Гунсюн мырзамен кездесті, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Ақтөбе. 21-қаңтар. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысының қажеттілігі үшін төмендетілген бағамен тауарлы мұнай газы жеткізілетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өткен аптаның соңында ҚР-ғы CNPC президенті Лю Гунсюн мырзамен кездесті, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Аймақ басшысы Лю Гунсюн мырзаны осы лауазымға тағайындалуымен құттықтады. Архимед Мұхамбетов компания іске асыратын инвестициялық жобалардың маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ бұл тұрғыда Жаңажол газ қайта өңдеу зауытының үшінші кезегінің құрылысын ерекше атап өтті.

Лю Гунсюн мырза өз кезегінде өңір әкіміне мәлім еткендей, атқарылып жатқан бұл жұмыс әрі қарай жалғасын табады. Халықтың және облыс экономикасының қажеттілігі үшін төмендетілген бағамен тауарлы мұнай газы жеткізілетін болады. Мәдениет, білім, бұқаралық және кәсіби спорт, денсаулық сақтау салаларына, елді мекендерді абаттандыруға және басқа әлеуметтік маңыздағы мақсаттарға қаражат бөлінетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны