15.07.2014, 22:40 1478

Ақтөбе облысының ШОБ өнімі Орынборда өтіп жатқан өндірістік көрмеге шығарылды

Ақтөбе облысының бизнес қауымдастығы Орынборда өтіп жатқан Ресей мен Қазақстан бірлескен "Еуропа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық" өндірістік 13-ші халықаралық көрмесіне қатысты, - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Алматы. 15 шілде. Kazakhstan today. Ақтөбе облысының бизнес қауымдастығы Орынборда өтіп жатқан Ресей мен Қазақстан бірлескен "Еуропа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық" өндірістік 13-ші халықаралық көрмесіне қатысты, - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Көрмеге қос тараптан барлығы 130 кәсіпорын түрлі салалар бойынша өз өнімдерін қойды. Атап айтатын болсақ, машинақұрылысы, құрылыс индустриясы, арнайы техника, ауылшарушылығы техникасы, арнайы киімдер бар. Ал, Орынбор жағынан энергия үнемдеу технологиялары, тамақ өндірісі және қайта өңдеу, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, білім, дене шынықтыру, спорт пен туризм саласындағы компаниялар қатысты.

Сонымен қатар, көрмеге Ақтөбе облысының атынан "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС, "Париждік коммуна" ЖШС, "Рокос", "Керамика", "Молочные истории", "Светоком" компаниялар тобы қатысты.

Айта кетерлік жайт, шара барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың болашағы талқыланып, бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы мен Орынбордың сауда-өндірістік палатасының басшылары сауда-экономикалық миссияларды, форумдарды, көптеген кездесулер мен шараларды бірлесіп ұйымдастыруға және жүзеге асыруға келісті, - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны