17.10.2006, 09:20 3040

Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы департаменті үкіметке шаруалардың берешек қайтару мерзімін ұзарту жөнінде өтініш жасамақшы

АҚТӨБЕ. 17 қазан. Kazakhstan Today. Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы департаменті үкіметке шаруалардың берешек қайтару мерзімін ұзарту жөнінде өтініш жасамақшы. Оған биылғы жылы астықтың аз болуы себеп, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі тілшісіне облыстық ауыл шаруашылығы департаменті бастығының орынбасары Владимир Литовченко.

"Мәселе ауыл тұрғындарына ең болмағанда бір жыл уақыт берілуі жөнінде болып отыр",-дейді В. Литовченко. Оның сөзіне қарағанда, облыс әкімдігі мен үкіметке жолданатын тиісті құжаттар әзірлеп жатқан арнайы жұмыс комиссиясы құрылған.

Жалпы алғанда, ақтөбелік егіншілер облыстық және республикалық бюджетке 1,3 млрд.теңге қарыз. Бұл қаражат көктемгі егін жұмыстарын жүргізу мақсатында берілген болатын. "Осы соманың 558 млн. теңгесі республикалық бюджет алдындағы берешек, қалғаны облыс бюджетіне тиесілі",-деп атап өтті В.Литовченко.

Айта кетейік, осы көктемде Ақтөбе облысында 750 мың гектар жерге дақыл себілді, алайда күтпеген қуаңшылықтың кесірінен астықтың үштен бірі жарамсыз болды. Исіресе, Темір, Алға, Қобда аудандарының егіншілері қатты зардап шекті. Облыс бойынша орташа өнімділік бір гектар жерден 3,3 центнерді құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны