07.08.2006, 13:59 3002

Ақтөбе полициясы аймақтағы мұнай терминалдарын жабу қажет деп санайды

АҚТӨБЕ. 7-тамыз. Kazakhstan Today. Ақтөбе полициясы аймақтағы мұнай терминалдарын жабу қажет деп санайды. Өйткені, полициядағылардың пайымдауынша, олар шикізатты ресми мұнай өндіруші компаниялардан ғана емес, сонымен бірге, жеке тұлғалардан ұрланған мұнайды арзан бағаға сатып алумен де шұғылданады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасынан хабарлады.

Атап айтсақ, басқарма мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылдың өткен мерзімінде облыста мұнай ұрлауға қатысты 30 дерек әшкереленген. Осы оқиғалар бойынша 10 қылмыстық іс қозғалып, 10 материалға қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы қабылданды. Рақымшылық жасауға байланысты бір қылмыстық істі тергеу тоқтатылды. Тағы 9 материал шешілу сатысында.

Басқарманың хабарлауынша, қолданылған шаралардың арқасында мемлекетке жалпы құны 6 млн. теңге болатын 159 тонна ұрланған мұнай кері қайтарылды.

Облыстық ІІД-нің салыстырма ретінде хабарлауынша, былтыр осындай 23 дерек, ал бұрнағы жылы 10 дерек тіркелді.

Полицияның хабарлауынша, көп жағдайда тұтқындар мұнайды арнаулы құрал-жабдықтардың көмегімен тікелей мұнай құбырларынан тонап келгенін және оны мұнай терминалдарына өткеруге ниет еткендерін жеткізген.

Бұл - аймақтағы терминалдарды жабу қажеттігін ақтайтын тағы бір дәлел, дейді полиция. Олардың қызметін көбінесе мұнай тонаумен шұғылданатын жеке тұлғалар пайдаланады. Ал СНПС "Ақтөбемұнайгаз" және "ҚазақОйлАқтөбе" ААҚ сынды ірі мұнай ұйымдары өздері өндірген мұнайды иелігіндегі магистральдық мұнай құбырлары арқылы жабық режимде сатады.

Жалпы алғанда Ақтөбе облысы аумағында төрт терминал жұмыс істейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны