16.03.2018, 22:13 4262

Ақтөбеде алғашқы гүл өсіретін жылыжай салынады

Аудан әкімініӊ айтуынша жылыжайдыӊ құрылысына қажетті барлық материалдар дайын.Жоба осы жылдыӊ сәуір айынан бастап салынады. Жылыжай жобасы 25 миллиард теӊгегені құрайды

Ақтөбе. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Ақтөбеде алғашқы гүл өсіретін жылыжай салынады. Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы Алға ауданыныӊ әкімі Нағымжан Алдияров мәлім етті.

Аудан әкімініӊ айтуынша жылыжайдыӊ құрылысына қажетті барлық материалдар дайын.Жоба осы жылдыӊ сәуір айынан бастап салынады. Жылыжай жобасы 25 миллиард теӊгегені құрайды.

"Гүл өсіретін жылыжай үшін Маржанбұлақ кентінен 15 га жер өлінді. Бұл жобаны орындаушы "Орандж-Холдинг" ЖШС. Мұндай жылыжайлар біздіӊ Ақтөбеде жоқ, Жылыжай жыл бойына бірнеше гүлдердіӊ түрін, соныӊ ішінде қызғалдар пен раушан гүлін өсіреді", - деп нақтылады Алға ауданыныӊ әкімі.

Тұтастай алғанда, осы жылы Алға ауданында ауылшаруашылығы саласында үш ірі инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Сондай-ақ, цифрландыру аясында ауыл шаруашылығы саласында қуаты 1000 гектарлық автоматтандырылған суару жабдығы пайда болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны