03.04.2014, 20:54 8597

Ақтөбеде ТКШ жаңғырту бағдарламасы жаңартылды

Ақтөбеде бір жылдық үзілістен кейін 2011-2020 жылдарға арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары қайтадан жалғасуда.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan today. Ақтөбеде бір жылдық үзілістен кейін 2011-2020 жылдарға арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары қайтадан жалғасуда.

Ақтөбе қаласы әкімдігінің хабарлауынша, аталмыш бағдарлама 2011-2012 жылдары жұмыс істеген. 2013 жылы республикалық бюджетте мақсатты трансферттің болмауы себепті оны тоқтатып тастаған еді.

Енді биыл 15 көпқабатты үйге жөндеу жұмыстары жүргізілмекші. Жоспар бойынша бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 470 млн теңге бөлінеді.

Осы орайда 11 үйге жылумен қамтудың инженерлік жүйесі алмастырылады. 8 үйге автоматтандырылған жылу пунктері орнатылады. Бұл құрылғылар тұтынылатын қуаттың 30 пайызына дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Хабарламада айтылғандай, үйлерді жөндеу жұмыстары жобаның мемлекеттік сараптамадан өтіп, тұрғындардың рұқсатынан кейін басталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны