09.09.2016, 09:33 3267

Ақтөбеге Алматы қаласыныӊ бизнес-делегациясы келді

Аймақаралық ынтымақтастықты дамыту шеӊберінде Ақтөбеге Алматы қаласыныӊ бизнес-делегациясы келді.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Аймақаралық ынтымақтастықты дамыту шеӊберінде Ақтөбеге Алматы қаласыныӊ бизнес-делегациясы келді. Оныӊ құрамына ірі өнеркәсіптік компаниялардыӊ басшылары, банк секторы, сонымен қатар, әртүрлі желілердіӊ өкілдері кірді. Делегацияны Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары Ерлан Иукенов басқарды.

Ақтөбе облысыныӊ әкімідігінде айтып өткендей, сапардыӊ негізгі мақсаты - аймақаралық байланысты іздеу мен орнату, географиялық өнімдерді жеткізуді кеӊейту, сондай-ақ, тәжірибемен, ақпаратпен бөлісу.

Делегациясыныӊ өкілдері жергілікті өндіріске үлкен қызығушылық көрсетіп, өндірістік нысандардыӊ бірқатар қызметімен танысты, сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешенніӊ нысандарымен танысты. Қонақтар "Ақтөбе" индустриялық алаӊында болып қайтты және "В2В" форматында бірқатар кездесулер өткізді.

Алматылық делегацияныӊ кездесу қорытындысы бойынша Ақтөбе облысыныӊ әкімі Бердібек Сапарбаевтыӊ төрағалығымен жиналыс өткізілді.

Облыс әкімі сөз барысында аймақта аймақаралық кооперацияны дамыту бойынша Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасын орындау бойынша жұмыс жасалып жатқандығын айтып өтті.

"Біз Қазақстанныӊ 6 өӊірімен, сонымен қатар, Ресей және Өзбекстанмен шекараласпыз",-деді аймақ басшысы.

Жалпы алғанда, жыл басынан бері Алматыдан Ақтөбе облысына шамамен 800 тоннадан астам қант, 60 тонна сүт өнімдері, 2 тонна шәй және оныӊ жалпы құны 230 млн теӊге болатын өнімдер жеткізілді. Өз кезегінде, Алматы қаласына ақтөбелік компаниялар 566 тонна сүт өнімін, 100 тонна ұн, 1000 тонна сұйық май, 3 тонна шұжық өнімдерін, 50 тонна жылыжай көкөністерін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны