22.08.2007, 18:17 5779

Ақтөбелік селекционерлер ауылшаруашылық министріне бидайдың 150 жаңа сортын ұсынды

Ақтөбенің тәжірибелік станциясының селекционерлері ауылшаруашылық министрі Ахметжан Есімовқа бидайдың өз қолымен өсірген 150 сортын ұсынды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 - тамыз. АҚТӨБЕ. Ақтөбенің тәжірибелік станциясының селекционерлері ауылшаруашылық министрі Ахметжан Есімовқа бидайдың өз қолымен өсірген 150 сортын ұсынды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, сәрсенбі күні аймаққа жұмыс сапарымен келген Ахметжан Есімов станцияның арнайы питомнигі бойынша кішкентай саяхат жасады, онда 200-ден астам астық өнімінің көрмелік сорты таныстырылды.

Ақтөбенің тәжірибелік станциясының директоры Аманғос Тілеуовтың айтуынша, бұлар бидайдың 100 жұмсақ сорты және 50 қатты сорты, сонымен қатар арпаның 60 сорты, тарының 50 сорты, жаздық тритикалидің 5 сорты (қара бидай мен бидайдың буданы - ред. ескертп.) және нутаның 4 сорты (бұршақ тұқымдас дақыл ). Олардан қазіргі уақытта жұмсақ бидайдың 12 сорты, қатты бидайдың 6 сорты, жаздық тритикалидің 5 сорты, арпаның 3 сорты және тарының 2 сорты өндіру сынағында жатыр.

"Олардың ерекшелігі біздің ғаламдарымыздың будандастыру жолымен көпжылдық тәжірибе нәтижесінде кеуіп қалуға төзімді, біздің климатқа бейім сорттарды алуда болып отыр",- деп атап өтті А. Тілеуов. Сонымен қатар, станция директорының айтуынша, жаңа сорттар жоғарғы өнімділігімен ерекшеленеді - яғни Қарғалы-9, Ақтөбе-39 және тағы басқа бидай сорттары бір гектарына 22 центнерге дейін өнім береді.

Қазіргі уақытта жаңа сорттар станцияның жалпы ауданы 2,5 гектарды құрайтын селекциялық-генетикалық алаңында өсіріліп жатыр, осыдан кейін жаңа тұқымдар элиталық тұқым шаруашылығы мәртебесі бар шаруашылықтарға сатылады.

Сонымен қатар, А. Есімов жұмыс сапары аясында Алға ауданындағы "Аққұс" құс фабрикасына барып қайтты, одан кейін "Парижская коммуна" ЖШС пен "Еділбай-Элит" ЖШС мал шаруашылығының жұмысымен танысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны