19.01.2019, 20:48 5334

Ақтөбелік жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

Аталмыш бірегей бағдарламаға 29 жасқа дейінгі облыс тұрғындары қатыса алады. Олар ауданы 40-50 шаршы метр болатын 1 бөлмелі пәтерлерге үміткер бола алады, бұл ретте тұрғын үй алаӊы үшін бастапқы жарна көлемі орташа есеппен 350 мыӊ теӊгені, ал ай сайынғы төлем 35 мыӊ теӊгені құрайды.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ақтөбелік жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасыныӊ басшысы Нұрлан Күнтуов мәлімдеді.

Спикердіӊ айтуынша, бұл бағыт Елбасы жариялаған Жастар жылы аясында жүзеге асырылып, жүздеген жас ақтөбеліктерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.

"Қазіргі уақытта жастар үшін өзекті мәселелердіӊ бірі - өз баспанасыныӊ болмауы болып табылады. Осыған байланысты Ақтөбе облысы әкімініӊ тапсырмасына сай, Ақтөбе қаласыныӊ әкімдігі, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-мен бірлесе отырып, жастар мен жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бағытты іске асыруға кірісті", - деді Нұрлан Күнтуов.

Аталмыш бірегей бағдарламаға 29 жасқа дейінгі облыс тұрғындары қатыса алады. Олар ауданы 40-50 шаршы метр болатын 1 бөлмелі пәтерлерге үміткер бола алады, бұл ретте тұрғын үй алаӊы үшін бастапқы жарна көлемі орташа есеппен 350 мыӊ теӊгені, ал ай сайынғы төлем 35 мыӊ теӊгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны