26.10.2011, 09:50 4913

"Al Hilal" Ислам Банкі жеке тұлғалардан депозит қабылдау және есеп ашу қызметін қайта жандандырды

ҚР Ұлттық банкі "Al Hilal" Ислам Банкі" АҚ банктік операциялар жүргізу лицензиясының жұмыс істеу мерзімін жаңартқан. Бұл туралы ҚР ҰБ Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана. 26-қазан. Kazakhstan Today - "Al Hilal" Ислам Банкі жеке тұлғалардан депозит қабылдау және есеп ашу қызметін қайта жандандырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ҚР Ұлттық банкі "Al Hilal" Ислам Банкі" АҚ банктік операциялар жүргізу лицензиясының жұмыс істеу мерзімін жаңартқан. Бұл туралы ҚР ҰБ Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 150 қаулысы бойынша "Al Hilal" Ислам Банкі" АҚ-ның 2010 жылы 17 наурызда берілген банктік операцияларды жүргізуге, оның ішінде сұрап алғанға дейін жеке тұлғалардан пайызсыз депозиттер қабылдау, жеке тұлғалардың есеп шоттарын ашу және жүргізу қызметтеріне рұқсат беретін №1.1.261 лицензиясының мерзімі ұзартылды", - делінген сәрсенбі күні таратылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың тамыз айында ҚР Al Hilal банкінің лицензиясы ҚР ҰБ ҚБК-ның "Екінші деңгейлі банктердің жарғылық және меншікті капиталының минималдық мөлшері туралы" талаптарын орындамағандығы үшін тоқтатылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны