13.05.2020, 19:57 7398

Алакөл демалыс аймағындағы Үржар кентіне Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскеменнен рейстер ашылады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ағымдағы жылы төтенше жағдай аяқталғаннан кейін Алакөл демалыс аймағына барып-қайтуға қолайлы болуы үшін Үржар кентіне субсидияланған әлеуметтік маңызы бар рейстер ашуды жоспарлап отыр.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Алакөл демалыс аймағындағы Үржар кентіне Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскеменнен рейстер ашылады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ағымдағы жылы төтенше жағдай аяқталғаннан кейін Алакөл демалыс аймағына барып-қайтуға қолайлы болуы үшін Үржар кентіне субсидияланған әлеуметтік маңызы бар рейстер ашуды жоспарлап отыр.

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласынан Үржарға "Южное небо" әуе компаниясы мамырдан қазан айына дейін аптасына 6 және одан көп рейс орындайды. Оған 174,3 млн. теңге бөлінеді. Бір жаққа тариф құны - 16 мың теңге.

Алматыдан Үржарға "Южное небо" әуе компаниясы мамырдан қазан айына дейін 4 және одан көп рейс орындайды. Оған 109,4 млн. теңге бөлінеді. Бір жаққа тариф құны - 14 мың теңге.

Өскеменнен Үржарға "Южное небо" әуе компаниясы жыл бойына аптасына 1 рейстен атқарады. Бөлінетін сома - 207,7 млн. теңге. Тариф құны - 10 мың теңге.

2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына сәйкес биыл Үржар кентіндегі әуежайдың ұшу-қону жолағын және әуежай ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстарын бастау жоспарланған. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен жобалық-бағалау құжаттамасын реттеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны