21.05.2026, 14:21 20681

Алатау қаласына 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылады

Аталған қаржыға 50-ден астам жоба жүзеге асырылады. Бұл жөнінде Алатау әкімі Аркен Өтенов Мемлекет басшысының Alatau City жобасына қатысты тапсырмаларын іске асыру жөніндегі баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Қазір бізде жалпы құны 2 триллион теңгеге жуық 50-ден астам инвестициялық жоба бар. Бүгінде олардың жүзеге асырылуы әртүрлі сатыда. Сонымен бірге, мемлекет бірінші кезекте инфрақұрылымды дамытуға көңіл бөледі. Ол үшін өзіміздің құны 300 млрд теңгелік жол картасы қабылданған. Соған сәйкес, инфрақұрылымды өркендету жұмыстары жүріп жатыр", - деді ол.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны