21.01.2008, 16:19 2923

Алдағы үш жылда ауыл шаруашылығы үкімет болжамынан 2,9% артық қарқынмен өсетін болады - "ҚазАгро" холдингі

Алдағы үш жылда ауыл шаруашылығы үкімет болжамынан 2,9% артық қарқынмен өсетін болады - "ҚазАгро" холдингі

Алматы. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазАгро" холдингісінің жобаларын ескергенде 2008-2012 жылдарға арналған ауыл шаруашылығының ішкі өнімінің орташа жылдық өсімі үкіметтің орта мезгілдік жоспарынан 2,9% артық болады. Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрлігінің алқа отырысында "ҚазАгро" холдингісінің басшысы Илихан Смаилов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Үкімет жоспарында аталмыш көрсеткіш 3 пайызды құрап отыр.

"Агро өнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған мемлекеттік 100 млрд теңге инвестицияға ішкі және сыртқы қаржы нарықтарынан қосымша шамамен 168 млрд теңге тартылуы мүмкін", - деді И. Смаилов. "5 жыл ішінде 100 млрд теңге 781 млрд теңге өндіреді", - деп атап көрсетті ол.

"Біз бюджеттен тыс қорлардан келетін қаржыландыруды арттыруды көздеп отырмыз. 2006 жылы 1 теңге бюджеттік инвестицияға 1,2 теңге бюджеттен тыс инвестиция келіп отырса, 2007 жылы бұл көрсеткіш 1,6 теңгеге артты. Ал 2012 жылы бұны 3,4 теңгеге дейін өсірмекшіміз", - деп мәлімдеді "ҚазАгро" басшысы.

Холдингтің есептеуінше, "салынған қаражаттардың қайтарымы 2008 жылы іске асады. 1 теңге инвестицияға ішкі табыс, салық аударымдары және несие сыйақылары түрінде экономикалық айналымға 1 теңгеден астам ақша түседі".

Нәтижесінде, И. Смаиловтың айтуынша, ауылды жерлерде 226 жаңа объектілер мен өнеркәсіптер, 9,1 мың жаңа жұмыс орындары пайда болып, 2008-2012 жылдары мемлекет 38 млрд теңге салық төлемдерін қабылдайды

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны