12.02.2014, 18:46 5213

Илемдік экспорттаушылар тізімінде Қазақстан 42-інші орында

Илемдік экспорттаушылар тізімінде ҚР 42-інші орында. Экспорттың географиясы 119 елді қамтиды.

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan today. Илемдік экспорттаушылар тізімінде ҚР 42-інші орында. Экспорттың географиясы 119 елді қамтиды.

"Республикамыз уран, ұн, ферроқорытпа, бидай, мұнай экспорты бойынша көшбасшылар қатарында. 2012 жылы өңдеуші тауарлардың экспорты 21,4 млрд долларға жетіп, жалпы көлемнің 25%-ын құрады", - деп хабарлайды "KAZNEX INVEST" Ұлттық экспорт және инвестиция агенттігі" АҚ.

Жалпы, ҮИИД МБ іске асыру жылдарында экспортты дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама тарапынан елдің өңдеуші секторының 1,5 мың кәсіпкерлігі қамтылған. Осы уақыт аралығында Kaznex Invest-тің араласуымен отандық экспорттаушылар 1,3 млрд доллардың келісімін жасасқан.

Сонымен қатар, 2014 жылы Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Армения, Ресей, Қытай, Иран мен Ауғанстанға экспорт жөнелтуге қолдау көрсету қарастырылған.

Осы орайда Kaznex Invest кәсіпкерлерге Ресей мен Орта Азия елдерінің халықаралық және салалық көрмелеріне қатысуға көмек береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны