10.06.2014, 20:53 14741

Илемнің 16 елінің талантты балалары "Шаттық" фестиваліне қатысады

Астанада 3-7 шілде күндері Астана күнінің 10 жылдық мерекесінде бастау алған "Шаттық" V халықаралық жас таланттар фестивалі өтеді.

Алматы. 10 маусым. Kazakhstan today. Астанада 3-7 шілде күндері Астана күнінің 10 жылдық мерекесінде бастау алған "Шаттық" V халықаралық жас таланттар фестивалі өтеді.

Шарада Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Изербайжан, Беларусь, Саха Республикасы, Татарстан, Ингушетия, Литва, Латвия, Болгария, Қытай, Түркия және Израиль елдерінің 700-ге жуық балалары бас қосады.

""Шаттық" халықаралық жас таланттар фестивалінде балалар өз өнерлерін вокал, хореография, ұлттық орындаушылық, балалар сән театры, оригиналды жанр номинацияларында көрсетеді. Балалардың шат күлкісіне толы аталмыш мерекенің мақсаты - талантты орындаушылар мен ұжымдарды іздеу, рухани әрі көркем талғам қалыптастыру, балалар ұжымдары репертуарын жаңарту және халықаралық байланысты кеңейту болып табылады", - делінген хабарламада.

"Бәйтерек" монументі алдындағы алаңда өнер көрсетеді. Қатысушыларға КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың басшылығындағы халықаралық қазылар алқасы баға беріп, сыйлықтар табыстайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны