27.01.2017, 18:50 3722

"АлЭС" АҚ: күзгі - қысқы маусымнан штаттық режимде өтуде

"Алматы электр станциялары" АҚ жылыту мерзімінен штатты режимде өтуде. Күзгі - қысқы кезеӊде "АлЭС" АҚ тарапынан тұтынушыларды шектеу орын алған жоқ,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Алматы. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Алматы электр станциялары" АҚ жылыту мерзімінен штатты режимде өтуде. Күзгі - қысқы кезеӊде "АлЭС" АҚ тарапынан тұтынушыларды шектеу орын алған жоқ,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Негізгі және қосалқы жабдықтардыӊ резерві қамтамасыз етілген, жылыту маусымынан тұрақты әрі сенімді өту үшін материалдардыӊ, жабдықтардыӊ, арнайы техниканыӊ қажетті саны толық көлемде жеткізілген. Электр қуаты бойынша және жылу желісініӊ температуралық кестесі бойынша берілген кесте сақталуда.

Апаттық бригадалар техника және арнайы киіммен жасақталып, жабдықталған. "АлЭС" АҚ персоналыныӊ апатқа қарсы жаттығудан өту кестелері бекітілген.

Қажетті қорларды жинақтау мақсатында 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, және БЖК үшін отын жеткізу шарттары жасалған. Көмірдіӊ (220 мыӊ тонна) және мазуттыӊ (13 мыӊ тонна) нормативтік қорлары жинақталды және толықтырылып отырады.

"Болжамды есептеулерге сәйкес 2016-2017жж. күзгі- қысқы мерзімінде электр энергиясын беру көлемі 3,36 млрд кВт.сағ. жетеді. 2017 жылдыӊ 26 қаӊтарындағы жағдайға сәйкес іс жүзінде - 2 млрд. кВтсағ берілген. Күзгі- қысқы кезеӊде жылу энергиясыныӊ жоспарланғанкөлемі - 4,5 млн. Гкал. Бүгінгі күні іс жүзіндегі өндіріс көлемі 2,5 млн. Гкал құрады", - деп хабарлады "Алматы электр станциялары" АҚ 2-ЖЭО басқарушы директоры Фазоил Салимов.

Күзгі-қысқы кезеӊде Алматы энерготорабыныӊ электр қуатына деген қажеттілік көлемі 1 450 МВт деӊгейінде жоспарланады, соныӊ ішінде Алматы қ. бойынша - 940 МВт деӊгейінде жоспарланады. "АлЭС" АҚ электр станцияларындағы ағымды жүктеме жүйелік оператордыӊ тапсырысы бойынша 885 МВт құрайды.

"АлЭС" АҚ 2016-2017жж. күзгі- қысқы мерзімге дайындалу барысында жоспардан100% құрайтыннегізгі жабдықтыӊ 60 бірлігі (13 күрделі және орташа жөндеу, 47 ағымды жөндеу) жөнделді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны